Англияның оңтүстік-батысындағы Бристоль округінде қауіпті мутация санатына жататын COVID-19 вирусының тағы бір жаңа штамы табылды. Вирустың өзгерген түрі Ливерпульде де тіркелген.
Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа респираторлық вирустардың қаупі туралы консультативтік тобының есебінде Бристоль штамы коронавирустың бұрын анықталған «кент» нұсқасынан және Бразилия мен Оңтүстік Африканың Сovid-19 штамдарында кездесетін ақуыз мутациясымен ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта елде Бристоль және Ливерпуль штамдарын жұқтырудың 76 жағдайы анықталды. Қауіпті санатқа жататын вирустың мутацияланған 4 түрі анықталған. Коронавирустың өзгерген «Кент» және «бристоль» деп аталатын түрінен басқа, Оңтүстік Африка мен Бразилияда да жаңа штамм тіркелген. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі әлем бойынша сынақтың үш фазасынан да сәтті өткен вакциналар вирустың кез келген штамынан қорғайды дейді.
«Кент «covid-19 штаммы 2020 жылдың қыркүйегінде анықталды. Сарапшылардың пікірінше, бұл вирустың басқа генетикалық нұсқаларына қарағанда 70%-ға дейін жұқпалы. Ал вирустан болатын өлім 30%-ға жоғары болуы мүмкін.
Америкалық Johnson & Johnson корпорациясының басшысы Алекс Горски коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуына байланысты жыл сайын вакцинация қажет болуы мүмкін деген болжам жасады.
8 қаңтарда вирустың мутацияға ұшыраған түрі Еуропаның 22 елінде тіркелген. Соңғы аптада жаңа штамм кез келген жастағы адамдардан анықталған. Сондықтан ол бүкіл әлемге тарап, Ұлыбританиядағыдай басты коронавирусқа айналу қаупі бар. ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге: «Коронавируспен күресте ұжымдық иммунитет маңызды рөл ойнауы тиіс. Бірақ бұл нәтижеге жетпес үшін алдымен вирустың таралуын азайту қажет. Себебі вакцина дертке қаншалықты ұзақ тосқауыл қоя алатыны әлі беймәлім», – дейді.
Әлемде сынақтан сәтті өткен Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесін салуды бастаған елдер қатарында Ұлыбритания, АҚШ және Канада бар. Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан астам оң нәтиже көрсеткен. Ал Оскфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы вакцина 70% тиімділік көрсетті.