Ұлыбританияда карантин шаралары жеңілдетіледі. Ел премьер-министрі Борис Джонсон жаңа құжатқа қол қойды. 

Бұған дейін Ұлыбританияда қауіп тобындағы 15 миллионға жуық адам вакцина қабылдаған. Үкімет жаппай вакцинациялау вирус жұқтыру қаупін төмендетеді дейді. Бірақ, ғалымдар үкіметті шектеу шараларын алуға асықпауға шақырды.

Карантин жеңілдетілген жағдайда, мектептер 8 наурыздан бастап ашылмақ. Сонымен қатар, сол күннен бастап екі үйдің екі адамына кездесуге рұқсат етіледі.

Болжам бойынша, 29 наурыздан бастап әр үйде тұратын алты адамның кездесуіне рұқсат етіледі. Сәуірдің соңына дейін азық-түліктік емес дүкендер ашылады. Газет мәліметінше, паб пен мейрамханалар мамырда ғана ашылады, дегенмен, мекемелердің отыратын жазғы алаңдары келушілерді одан ертерек қабылдауы мүмкін.

Желтоқсанның аяғында Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген жаңа түрі бірнеше мемлекетте тіркеліп үлгерді. Осыған байланысты 20 желтоқсанда Ұлыбритания Англияның оңтүстік-батысы мен Лондонда төртінші деңгейлі локдаун енгізген. Қатаңдатылған карантин кезінде Рождество мерекесіне байланысты қоғамдық іс-шараларға рұқсат болған жоқ.

Вирустың «британдық» жаңа штамы адамдар арасында 70%-ға тез тарайтыны анықталды. Бірақ, қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен ерекшеленбейді. Вирустың басқа мутациясының табылғанын Оңтүстік Африка Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі де хабарлаған. Оның да таралу қарқыны жоғары.

"The Qazaq Times"