Жапонияның теңіз түбін зерттеумен айналысатын ғылым және техналогия агенттігінің ғалымдары (JAMSTEC) жақында жүзеге асырғалы жатқан жоспарларымен бөлісті. Адамзат тарихында алғаш рет ғалымдар жер қыртысын бұрғылай отырып, планетамыздың мантия қабатына дейін жетуді жоспарлап отыр. Соңғы 50 жылда әлем ғалымдары бұл идеяны бірнеше мәрте жасап көрген болатын. Бірақ ешқайсысы діттеген нәтижеге жете алмады. Ал осы мақсатта жасалған соңғы зерттеу жұмысы Бірлескен мұхит түбін бұрғылау қоғамының жобасы болатын. Олар жоспарды жүзеге асыра алмағындықтан жұмысты тоқтатуға мәжбүр болған. Содан 700 метр тереңдікке дейін ғана бұрғылау жұмыстары жүргізілген. Ал жапон ғалымдарының өздеріне сенімді болуының құпиясы неде?

Мантия
Фото: incolors.club
CNN-де жарияланған ақпаратқа сәйкес, мұхит түбін бұрғылауға арнайы Chikyū кемесі жасалып жатыр. Арнайы жабдықталған "жерасты" кемесі осы уақытқа дейін пайдаланылып келгендеріне қарағанда үш есе қуаты әрі үш есе терең қазуға мүмкіндік береді. Жер қыртысының қалыңдығы 5-10 шақырымды құрағандықтан, бұл жұмыс барысы екі кезеңге бөлінген. Алдымен мұхиттың түбін 4 шақырымға дейін бұрғылап, екінші кезеңінде 6 шақырымын қазу жоспарланып отыр. Егер жоспар сәтті жүзеге асса мантия қабатына жетіп, мантиядан зерттеуге қажетті үлгілерді алуға мүмкіндік туады деп күтілуде.

Мұхиттың түбі
Бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: біріншіден - жер қыртысының сейсмологиялық қозғалысын бақылап отыру, екіншіден - планетамыздың геологиялық қалыптасуы жайлы нақты ақпаратқа қол жеткізу.
Әзірге бұрғылау жұмыстарының нақты басталатын уақыты белгісіз. Бірақ JAMSTEC өкілдерінің айтуынша, 2030 жылға дейін барлық құрылғылар дайын болып, жұмысқа кірісуге болады екен.
"The Qazaq Times"

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр