Ғасыр жылнамасында тағы бір жыл тарих қойнауында қалмақ. Өткен 2020 жылы әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысқа тап болып, індетпен күресті. Әйткенмен, бұл қиындықты барша ел бірлесе еңсеруге тырысты.
«The Qazaq Times» сайтының да елдегі санаулы тәуелсіз БАҚ қатарына қосылып, өз оқырманына барынша адал қызмет көрсетуге тырысып қызмет атқарғанына жақында ғана төрт жыл толды. Осы уақыт ішінде азаматтық қоғамның қалыптасуына, тәуелсіз журналистиканың нығаюына күш-жігерімізді салып келеміз. Әсіресе, қазақ тілді ақпарат кеңістігінде кенжелеп қалған халықаралық тақырыптарды, онда да әлемге, халықаралық қатынастарға, әлемдік саяси, экономикалық өзгерістерге қазақ көзімен қарауға тырыстық. Осы ретте сайт оқырмандары мен барша Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтаймыз!
Жаңа 2021 жыл жақсылықтарға, жеңісті де жемісті күндерге толы болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, ынтымақ, қызметте мол табыс тілейміз! Барлық салада, саясат сахнасында Қазақстан іргелі жетістіктерге жете бергей! Жаңа жыл жақсы күндер мен жаңа мүмкіндіктер сыйласын!


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?