Мемлекеттік дума Ресей президентінің жеке басына тиіспеуге кепілдік беретін заң жобасын бірініші оқылымда мақұлдады. Бұл – Владимир Путиннің 2036 жылға дейін билік етуіне мүмкіндік беріп, қылмыстық қудалаудан құтқарады. Демек, қазіргі президент 84 жасқа дейін билікте қала алады.

Бұған дейін мемлекеттік дума сонымен бірге бұрынғы президентке өмір бойы сенатор болуға рұқсат беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Бұл қызметке келген адам да қылмыстық қудалаудан құтқаратын иммунитетке ие болады.

Мемлекеттік думада үшінші оқылымнан өткеннен кейін құжат федералдық кеңеске жөнелтіледі, одан әрі қарай Путинге қол қоюға жіберіледі.

Ресейде 2008-2012 жылдар аралығында мемлекет басқарған Дмитрий Медведев қана бұрынғы президент мәртебесіне ие.

Қазір Ресейде 2001 жылы қабылданған бұрынғы президенттің жеке басына тиіспеу туралы заң бар. Заңға 1991 жылы 31 желтоқсанда сол жылдары президенттің міндетін атқарушы болған Владимир Путин Борис Ельцин отставкаға кеткеннен кейін қол қойған.

Енді заң жобасы бұрынғы мемлекет басшысы мен оның отбасын қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға тыйым салуды қарастырады. Құжат бойынша, оларды ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, тергеуге де болмайды. Тек «мемлекетке опасыздықтық жасады» деп күдікке ілінген бұрынғы басшылар мемлекеттік дума, жоғарғы сот, конституциялық соттың мақұлдауымен жазаға тартылуы мүмкін.

"The Qazaq Times"