Джо Байден Путинмен кездесуінде адам құқықтары мәселесін көтермек. Ақ үй басшысы Дэлавер штатындағы Еске алу күніне орай өткен жиында осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін ол таяуда Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен де осы мәселені көтерген.
Екі ел басшыларының ресми кездесуі 16 маусымда Женевада өтпек. Ресейдегі азаматтық қоғамға билік тарапынан жасалған қысым, саяси белсенділерді қудалау және сөз бостандығы мәселесіне алаңдаушылық білдірген Байден Путинмен дәл осы мәселені талқыламақ. Сонымен қатар Кремль сыншысы, оппозиционер Алексей Навальныйдың жағдайы да айтылуы тиіс. Ал маусымда Байден президент ретінде Еуропа елдеріне алғашқы сапарына шығады.
Президент ретінде Байден Ресей басшысымен бірінші рет келіссөз жүргізбек. 2011 жылы Байден Барак Обама әкімшілігінде вице-президент, Путин Ресей премьері кезінде кездесу өткізген.
24 мамырда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі мен Ресей қауіпсіздік кеңесінің басшысы Николай Патрушев сөйлескен. Құжатта Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынасты реттеуге мүдделі екені де жазылған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті