Pfizer және BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған вакцина барлық сынақтан сәтті өтіп, 90% дәлдік көрсеткен. Екі компания осыған дейін вакцинаның адамға теріс әсері болмағанын мәлімдеді. Қазір Pfizer мен BioNTech АҚШ билігінен осы айда вакцинаны төтенше жағдайда қолдануға рұқсат алмақ.
Мәліметтер бойынша,ғылыми зерттеу жұмысына әлемнің 6 елінен 43 мың 500 ерікті қатысқан. Мамандар препараттың бір де бір жанама әсер бермегенін сеніммен айтып отыр. Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан артық оң нәтиже көрсеткен.
Зерттеу жұмыстарына АҚШ, Германия, Бразилия, Оңтүстік Африка, Аргентина мен Түркия елдерінен шамамен 43 мыңнан астам адам қатысқан. Еріктілерге препараттың екі дозасы егілген. Шілде айында басталған клиникалық сынақ қорытындысы бойынша екінші рет егілген екпеден кейін 7 күн өтісімен адам ағзасындағы коронавирусқа қарсы қорғаныс 90 процент болды. Сөйтіп бұл – жаппай сынақтан сәтті өткен алғашқы екпе. Енді Pfizer мен BioNTech АҚШ билігінен осы айда вакцинаны төтенше жағдайда қолдануға рұқсат алмақ.
Pfizer басшысы Альберт Бурла: «Бүгін – адамзат пен ғылым үшін ұлы күн. Қанша халық, кәсіпкерлер мен мемлекеттер үміт үзбей сеніп артты. Әлемде вирус жұқтырғандар көбейіп, ауруханалар толу алдында тұрғанда, экономика зардап шегіп жатқан тұста вакцина дайындау шешуші сәт болып тұр. Вакцинаның өндірісі басталып кетті. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 50 млн доза, алдағы жылы тағы 1 млрд 300 млн доза өндіріледі», – дейді.
Қазір әлемде ондаған вакцина сынақтың соңғы кезеңі – үшінші фазаға келді. Ал Pfizer вакцинасы – қандай да бір нәтиже көрсеткен алғашқы екпе.
Америка мен неміс компаниясы бірлесіп жасаған вакцинаның тиімділігі хабарланғаннан кейін әлем нарығында мұнай бағасы өсе бастады. Соңғы мәлімет бойынша қара алтынның Brent маркасы 8%-ға қымбаттап, бір баррелі 42,5 доллардан асып түсті.