Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен және СІМ Мұхтар Тілеубердімен кездесіп, қаржылай көмек сұрады.
Кездесуде тараптар саяси-экономикалық ахуал, қазақстандық инвестицияның қауіпсіздігін сақтау мәселесін талқылады. Қырғыз министрі елдің бюджетін сақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдауға мұқтаж екенін айтқан.
Қазақстан – Қырғызстандағы билік ауысқаннан кейін Қазақбаев келетін екінші ел. Өткен аптада ол Еуропалық одақ пен Ресейден қаржылық көмек сұраған. Бірақ Садыр Жапаровтың «билік менің қолыма өтті» деген мәлімдемесінен соң Мәскеу Бішкекке беремін деген 100 миллион доллар көмекті тоқтатып тастаған.
ҚР Сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында: «Мұхтар Тілеуберді Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдіріп, қырғыз тарапын Қазақстан азаматтары мен компанияларының құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға шақырды», – делінген
4 қазандағы парламенттік сайлаудан кейін Қырғызстанда ірі шеруілер өтті. Наразылар Бішкектегі Ақ үй мен әкімшілік ғимараттарды басып алды. 15 қазанда ел президенті Сооронбай Жээнбеков өзінің отставкасын жариялады. Қазір президенттің міндетін 6 қазанға қараған түні наразылық білдірушілер түрмеден босатқан саясаткер Садыр Жапаров атқарып отыр. Ол тұтқындау үшін тағайындалған 10 жылдың 3,5 жылын түрмеде өткізді.
Қазақстан Қырғызстандағы дағдарыс кезеңінде экс-президент Жээнбековке қолдау білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан бюджеті қаңтар-қыркүйек аралығында коронавирус пандемиясы мен оны таратпау мақсатында енгізілген шектеу шараларының салдарынан шамамен 1,1 трлн теңге қаржыдан қағылған. Кәсіпкерлік саласындағы салық алымына байланысты нақты шығын 300 млрд теңгеге жеткен.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі