Қырғызстан осы күнге дейін жүргізген сыртқы саясатын жалғастырады. Президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров брифингте осылай деп мәлімдеді.
Жапаров сөзінде: «Республикамыз қол қойған барлық халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді орындаймыз. Ресей, Қытай, Еуропа немесе көрші елдер болсын, әрқайсысымен бірлескен жұмысымызды одан әрі жалғастырамыз. Президент міндеттері парламент спикеріне өтеді, осыдан кейін ол мемлекет басшысы қызметін атқарады. Ал премьер-министрге келетін болсақ, министрлер кабинетінің жетекшісі ретінде қызметі парламенттік сайлау өткенше уақытша тоқтатылады. Сол кезге дейін міндетін бірінші орынбасары атқарады», – дейді.
Ресми мәліметтер бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы 5 миллиард долларға таяған. Елдегі дағдарыстың алдын алу мақсатында Қазақстаннан қаржылай қолдау сұраған. Бұған дейін Қырғызстан Еуропалық одақ пен Ресейден де қолдау сұраған. Бірақ Садыр Жапаровтың «билік менің қолыма өтті» деген мәлімдемесінен кейін Мәскеу Бішкекке беремін деген 100 миллион доллар көмекті тоқтатып тастаған.
15 қазанда Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткенін жария етті. Заң бойынша оның өкілеттілігі Жоғары кеңеш спикеріне өтуге тиіс. Алайда, сипкер өкілеттіліктен бас тартқандықтан президенттің құзіретті билігі жақында ғана түрмеден шыққан Садыр Жапаровтың қолына өтті.
Бұл жағдайға халықаралық ұйымдар алаңдаушылық білдірген. Еуропалық одақ өкілдері Қырғызстандағы саяси жағдайға байланысты мәлімдемесінде, президенттің өкілеттілігі жаңадан келген премьер-министрге берілгені күмән туғызатынын айтқан. БҰҰ тарабы да Қырғызстандағы саяси күштерді құқықтық нормаларды сақтауға шақырған.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді