Ғалымдар Жерге ұқсас атмосферасы бар ғаламшарды анықтады. Радиусы планетамыздың 1,4 бөлігіндей болатын GJ 1132b аталмыш бұл кішігірім экзопланета Жерден 39 ғарыш жылы қашықтықта орналасқан.
Ғаламшарды мұқият зерттей келе, ғалымдар оның газтектес бумен қоршалғанын анықтаған. Бұл не су буы, не метан немесе басқа да газ болуы мүмкін.
Анықталған атмосфера Күн жүйесінен өзге галактикалардағы басқа да тіршілік иелерін іздеу барысындағы үлкен жаңалық болып отыр.
Бірақ атмосферасына қарамастан онда тіршіліктің болуы екіталай. Өйткені, ғаламшардың беткі температурасы 370 С.
Ғалым Джон Саутворттың айтуынша: "Ғылымда белгілі болғандай, Жердегі тірі ағзалардың өмір сүре алатын ең жоғарғы температура 120 С, ал анықталған ғаламшарда бұл көрсеткін едәуір суық болып табылады".
“The Qazaq Times”