Қытайдағы Ішкі Моңғол автономиялы регионында үкіметтің жаңа саясатына қарсы наразылық шаралары өтуде. Бұл моңғол автономиялы аймағындағы күтпеген әрі сирек жағдай. Құқық қорғау ұйымдарының мәліметтеріне қарағанда, мыңдаған моңғол азаматтары үкіметтің тіл туралы жаңа саясатына наразылық білдіріп мектептердің алдында жиналған.
Өткен аптаның соңында басталған наразылыққа осы жазда жолға қойылған автономиялы региондағы білім берудегі жаңа саясат себеп болған. Білім берудің жаңа саясаты бойынша Ішкі Моңғол автономиясындағы орта-бастауыш мектептердегі оқыту тілін моңғол тілінен біртіндеп қытай тіліне ауыстыру көзделген.
Аймақтағы моңғолдар Бейжіңнің тұрақты әрі жүйелі жүргізген ұлтсыздандыру саясатының ең айқын көрінісі деуге болады. Олар қазірге дейін сақталып тұрған өз ана тілін ұлттық бірегейлігінің соңғы жұрнағы санайды. Сондықтан да үкіметтің бұл саясатын «шектен шығу» деп есептеген. Бір сөзбен айтқанда олар моңғол тілінің біртіндеп жойылып кетуінен алаңдайды.

Ішкі Моңғол Автономиялы Регионы. Фото: China Discovery7
Әлеуметтік медиа платформаларында тарап жатқан мәліметтерден моңғол ата-аналар мен оқушылардың мектеп алдына жиналып, бейбіт наразылық танытқанын көруге болады. Олар наразылығын моңғол тілінде ән айтып, ұрандау арқылы білдіруде. Кейбір бейне жазбаларда мектеп оқулықтарында моңғол тілінің жоқ екеніне наразы ата-аналарды да көруге болады.
Әлеуметтік желіде жұртты тебіренткені «Моңғол тілі – біздің ана тіліміз! Біз өлсек те – моңғолмыз!» деп ұрандаған топты адамның «жан айхайы» болды. Ал, бүгін бұндай жазбалар қытайлық әлеуметтік желіден жоғалып кетті. Бұл Қытайдағы интернет цензурасының қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді.
Бүгін түстен бұрын ІМАР Білім басқармасы ата-аналардың наразылығын сейілту мақсатында мәлімдеме жасаған. Мәлімдемеде моңғол және корей тілдері (аймақтағы аз санды ұлт тілдері) қолданылатын оқу құралдарының өзгеріссіз қалатынын жеткізді. Оған қоса «Қолданыстағы қос тілде білім беру» жүйесінің өзгермегенін де айтты. Бұған қармастан, өңірдегі көптеген моңғол ата-аналар жаңа оқыту саясатына наразылық білдіріп, балаларын мектепке жібермеуге шешім қабылдаған. Жергілікті шенеуніктер ата-аналарға қоңырау шалып, балаларын мектепке жіберуге үгіттеп жатқаны туралы да мәліметтер бар.
Ұзақ жылдан бері коммунистік Қытай билігі ел ішіндегі аз санды ұлттар қоныстанған аймақта ұлтсыздандыру саясатын баяу жүргізіп отырды. Тілдерді дамыту, салт-дәстүрді қорғау туралы бағдарламалар да болған. Алайда, Қытай билігіне Ши Жинпиң келгеннен бері Қытайдағы барлық ұлтты ел халқының 91 пайызынан астамын иелейтін хан ұлтының мәдениетіне толықтай біріктіру үрдісі қарқынды әрі күштеп жүргізіліп келеді.

Шынжаң жағдайы. Фото: VOA.
Аз санды ұлттардың тіліндегі білім беру мен информация алмасуға деген еркіндік Шыңжаң жерінде әлде қашан шектелген. Жергілікті қазақ, ұйғыр тілдеріндегі газет-журналдардың шығуы біртіндеп азайтылып, қазақ тілінде білім беру толықтай жойылған. Алайда, өңірдегі жергілікті халық бірнеше жыл жалғасқан күшті цензура, қатаң бақылаудың, басып-жаншудың нәтижесінде үкіметтің бұл шешіміне наразылық білдіруге де шамасы келмеген еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді