Өткен күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған 175, ковидтік пневмонияға шалдыққан 84 адам анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 тамыз күні коронавирустан 13, вирустың кесірінен өкпесі қабынған 2 қазақстандық қайтыс болған.
Диагнозы зертханада ПТР арқылы нақтыланған коронавирус науқастарының саны 105 мыңға жуықтады. Тап қазіргі таңда 10 597 қазақстандық емделіп жатыр, оның жартысы ауруханада, қалғаны амбулаторлық бақылауда көрінеді. Сондай-ақ, вирус штамы анықталған 309 адамның жағдайы нашарлаған, ал 70 науқастың ахуалы қаты ауырлаған. 50 қазақстандық ӨЖЖА құрылғысына қосылған.
Ай басталғалы COVID-19 клиникасы бар 22 744 пневмония, 258 өлім жағдайы тіркелді. Ресми статистикаға сенсек, осы уақыт аралығында ауырғандардың 4519-ы айығып үлгерген.
Жаңа форматқа көшкен ДенМин есебі бойынша, пандемия кезінде індеттен 1781 адам қайтыс болған. Бірақ соның 793-і тек тамыз айында тіркелген.