Министрлік тағы да жүрісінен жаңылды.
Қазақстанда коронавирус бойынша 2020 жылғы 2 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы ресми хабарламада:
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1069 жағдай тіркелді.
Оның ішінде:
- – ауру белгілерімен – 570,
- – ауру белгілері жоқ – 499.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 92 662-ге жетті», – делінген.
Дегенмен коронавирустық пневмония жағдайын ескерсек, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екенін байқауға болады.
Статистиканы жаңа форматта, яғни клиникасы мен эпидемиологиялық белгілері COVID-19 вирусына ұқсас пневмония дерегі мен одан қайтқандарды қоса жариялауға уәде еткен министрлік 3 тамыздың таңында бұрынғыша симптомды-симптомсыздарды ғана хабарлады.
Қазақстанда пневмония жағдайы соңғы дерек бойынша 3,3 есеге, яғни 70 мыңнан 234 мыңға өскен. Мұның өзі 1 қаңтар-15 шілде аралғығына тиесілі көрсеткіш. Ал 15 шілдеден бері пневмония, оның ішінде этиологиясы коронавирусқа ұқсас түрі қанша тіркелгені әзірге белгісіз. 1 тамыз күнгі дерекке қарасақ, «5 181 науқас зертханада анықталмаған, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Сондай-ақ осы диагноздан 30 пациент қайтыс болған». Пневмония жөніндегі ауруларды бірге есептегенде, вирус жұқтырған қазақстандықтар саны 97 843 адам. 2 тамызға арналған статистикада бұл жөнінде толық ақпарат берілмеген.
Өткен демалыс күндері ДДСҰ пандемияға байланысты енгізілген Төтенше жағдай режимін тағы үш айға созғанын хабарлаған.
Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандар саны әлемде 18 миллионнан, Қазақстанда 97 мыңнан асты. Ал қайтыс болғандар қатары әлемде 692 мыңға, елімізде 1,1 мыңға (коронавирустың тура себебінен – 793, жанама әсерінен – 319, пневмониядан – 30 – QT) жетті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді