Қазақстанда өткен тәулікте 165 адам коронавирус індетін жұқтырған, оның ішінде 54 адам белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Астана қаласы - 14 / 4
Алматы қаласы - 26 / 4
Шымкент қаласы - 2 / 1
Ақмола облысы - 9 / 5
Ақтөбе облысы - 2 / 2
Алматы облысы - 2 / 2
Атырау облысы - 9 / 2
Шығыс Қазақстан облысы - 26 / 4
Жамбыл облысы - 3 / 1
Батыс Қазақстан облысы - 10 / 6
Қарағанды облысы - 19 / 6
Қостанай облысы - 10 / 0
Маңғыстау облысы - 3 / 3
Павлодар облысы - 7 / 5
Солтүстік Қазақстан облысы - 12 / 1
Түркістан облысы - 11 / 8
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 105408.

Жалпы ел бойынша сауығып шыққандар саны 95253. Індеттен көз жумғандар жалпы саны 1523.

3 тамыз Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өткізген брифингте КВИ- немесе U07.2 кодымен белгіленетін коронавирустық пневмонияның аймақтардағы көрсеткішін сол аптада-ақ жіктеп жариялауға уәде берген. Әйтсе де министр сөзі БАҚ өкілдері мен редакцияның қайта-қайта сұрауынан үш жарым апта өткен соң іске асты.

Бұл мәселеге байланысты "Qazaq Times" редакциясының жолдаған сауалына жауап берген ДенМин өкілі: «Сіздің коронавирустық инфекция бойынша деректерді жариялауға қатысты сұрығыңыз назарға алынды және ағымдағы жылдың 27 тамызынан бастап өңірлер бөлінісінде коронавирустық пневмония бойынша деректер күн сайын тұрақты негізде жарияланатын болады», – деді.

"The Qazaq Times"