Иран билігі генерал Касем Сүлейманидің қазасына қатысы бар деп айыпталған адам өлім жазасына кесілді., – деп хабарлайды ИРНА ақпарат агенттігі.
Сот мәлімдемесінде: «Махмұд Мусави Маджд Моссадпен байланыста болып, сондай-ақ Орталық барлау басқармасына әсіресе қарулы күштердегі қауіпсіздік мәселелері жайында ақпарат беріп отырған. Ол шетелдіктерге генерал Касем Сулейманидің жүрген жері туралы ақпарат берген, сот шешімімен өлім жазасына кесілді. Жақында Жоғарғы соттың екінші бөлімі өлім жазасына кесу үкімін мақұлдады. Үкім алдағы уақытта орындалады», – делінген.
Яғни айыпталушы АҚШ пен Израильмен құпия байланыста болып, Сүлеймани әскерінің қайда екенін жеткізіп отырған. Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының арнайы жасағы «Әл-Құдысты» басқарған Касем Сүлеймани 3 қаңтарда АҚШ әскерінің әуе соққысы кезінде Бағдатта қаза тапқан болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?