Иранның сот билігі АҚШ президенті Дональд Трампты генерал Касем Сүлейманиді «өлтіруге бұйрық бергені» үшін Интерполдан халықаралық іздеу жариялауды талап етеді. Бұл туралы Теһран прокуроры Али Мехр IRNA агенттігіне хабарлады.
«Бұл істе АҚШ-тың 36 өкілі, оның ішінде Дональд Трамп, сонымен қатар Касем Сүлейманиге жасалған қастандыққа қатысқан басқа да мемлекет өкілдері бар. Ресми Иран бұл адамдарды халықаралық іздеу тізіміне қосуды талап етеді», – деді прокурор. Оның айтуынша, «Сүлеймани қазасына қатысы бар адамдар кісі өлтіру және террористік әрекеттері үшін айыпталуы тиіс».
31 желтоқсанда АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі алдында наразылық шарасы болып, шерушілердің алды елшілік ғимаратына шабуылдаған. Америка бұл наразылықтың артында Иран тұр деп есептейді. Наразылық АҚШ күштерінің Ирактағы және Сүриядағы шабуылында шиит мұсылмандары қаза тапқаны туралы мәлімет тараған соң тұтанған еді.
Ислам революциясы сақшылар корпусының «Құдс күштері» арнайы жасағының қолбасшысы Касем Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдаттағы АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде мерт болған. Оны өлтіруге АҚШ президенті Дональд Трамп бұйрық берген. «Құдс күштері» Иранның сырттағы әскери операцияларына қатысқан. Бұған дейін АҚШ-тан «кек алатынын» мәлімдеген Иран 8 қаңтарда АҚШ-тың Ирактағы бірқатар нысандарын зымыранмен атқылады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр