Қытай соңғы 24 сағатта коронавирустан бірде-бір адам қайтыс болған жоқ деген ақпарат жариялады. Алайда, мамандар Қытайдың аталмыш індет тарала бастағандағы әрекетін еске алып, бұл мәліметтің шындықтан алыс болуы мүмкін екенін айтады. Қытай билігі соңғы бірнеше ай бойына таңғы 3-те елдегі коронавирус инфекциясының таралуы туралы ақпармен бөлісіп келеді. Соңғы мәлімет бойынша, 81 740 адам жұқтырып, 3 331 науқас қайтыс болған. Алайда бұл сандар мамандар күмән келтіреді, деп жазады ВВС басылымы.
Жақында Қытай вирусты жеңген ел ретінде мадақталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қытайд індеттің шыққанын тез анықтап, транспаренттілікті қамтамасыз еткені үшін ризашылығын білдірген еді. Алайда, мұндай мадақтауларға қарамастан, сарапшылардың пкірінше, ресми статистика мен мәлімдемелер әлі де күмән тудырады.
Мәселен, өткен аптада Ұлыбритания үкіметінің аға министрі Майкл Гов ВВС-ге берген сұхбатында "Қытайдың вирус жөніндегі ақпараты, атап айтқанда оның таралуы, табиғаты және жұқпалылығы туралы мәліметі түсініксіз болды" деген пікір айтқан. Сондай-ақ соңғы аптада АҚШ президенті Дональд Трамп та қаза тапқандар мен инфекция жұқтырғандардың саны шындыққа аса жанаспайтынын айты. Бұдан бөлек біраздан бері АҚШ-тың заң шығарушылары Қытайды індеттің таралу көлемі жөніндегі мәліметті азайтып айтты деп айыптауда.
Аталмыш індетті жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны жөнінен АҚШ Қытайды артта қалдырды. Осындай статистикаға қарап, мамандар Қытай елі жұқтырғандар мен өлгендердің саны туралы шынайы ақпарат бермей отырғанын айтады. Бұл сенімсіздіктің жартысы аурудың шығу тарихына қатысты болса, қалғаны нақты ақпараттың аздығына байланысты туындап отыр.
Жалпы біз вирустың Қытайда 2019 жылдың желтоқсанында тарала бастағанынан хабардармыз. Алайда біраз уақытқа дейін Қытайдың мұндай аурудың шыққанын, таралу көлемі мен жағдайдың қиын екенін жасырып келгені құпия емес. Бұған дейн Ухан қаласының басшысы қаңтардың басында 100-ге жуық жағдай тіркелгеннен кейін де ешқандай шара қолданылмағанын мойындаған еді. Оның сөзінше, қаңтардың басы мен 23-і аралығында бүкіл қала бойынша шектеулер қабылданғанымен, нақты іс-шаралар қолға алынбаған.
Бұл індет туралы Қытай ДДҰ-ға 31 қаңтарда хабарлады. Алайда, біздің білуімізше, оған дейін Сарс ауруына ұқсайтын вирустың пайда болғандығы жөнінде әріптестерін ескерткен дәрігерді полиция өз бақылауына алғаны белгілі. Осылайша дәрігер Ли Уинлианг және басқалары ақпарат таратпауға мәжбүр болды. Кейін Ли дәрігер коронавирустан қайтыс болған еді.
Осыдан бірнеше апта бұрын президент Ши Жинпиң Уханға ауру тарағаннан бастап бірінші рет сапарлап барды. Ол кез елдің Хубэй провинциясынан басқа аймақтарында вирус жұқтырған жаңа жағдай тіркелмеген кезеңмен тұспа-тұс келді. Гонконг университеті Денсаулық сақтау мектебінің профессоры Бен Коулингтің сөзінше, ол кезде сандар жергілікті деңгейде есеп беру үшін айтылған. Сарапшылар бұл жерде "есеп беру" сөзіне мән беру керектігін айтып отыр.
Сонымен қатар президент Ши Жинпиңнің Уханға сапары кезінде жапондық Kyodo News ақпарат агенттігі қаладағы аты аталмаған дәрігердің алаңдаушылығы туралы хабарлады. Дәрігердің сөзінше, шенеуніктер оған және басқа медицина қызметкерлеріне жаңадан тіркелген жағдайларды ресми түрде тіркемеуге нұсқау берген.
Ал барлаушылардың Ақ үйдегі ресми мәлімдемесінде Қытайдың есебі "әдейі аяқталмаған", ал берілген сандар "қолдан жасалған, жалған" деген тұжырым жасалған. Сандарды жасырудың бірнеше себебі болуы мүмкін. Қоғамдық денсаулық сақтау дағдарысы кезіндегі басқа дағдарысты қоғамнан жасыру, дүрбелеңді болдырмау үшін алдын алу, немесе жаңалықты басқару арқылы одан әрі өршіп кетпеуін қадағалап, кейстердің толық таралмауын қамтамасыз ету.
Мамандардың сөзінше, Қытай берген мәліметтер сандар шынайы болғанымен, сандардың эмпирикалық тұтатстығы бірнеше рет күмән туғызады.
Қаңтардан наурыз айының басына дейін Ұлттық денсаулық комиссиясы COVID-19 анықтамасының жеті нұсқасын жариялады. Профессор Коулинг алғашқы тестілеулер Ухандағы дымқыл нарықпен (wet market) байланысты тек ауыр пневмония жағдайларына бағытталғанын айтады. Оның пайымдауынша, егер де сол анықтамалар басынан бастап қолданылған жағдайда қазір 232 мыңға жуық жағдай тіркелеуі керек. Ал бұл қазіргі хабарланған жағдай санынан үш есе көп. "Біздің ойымызша, індет шыға бастаған кезде қаупітілігі қажетті деңгейде бағаланбаған", - дейді ол. Сол себепті асимптоматикалық жағдайлар - симптомсыз жағдайлар тіркеліп отыр. Ал өткен аптаға дейін Қытай бұл жағдайды анықталғаннан кейін де, расталғаннан кейін де қарастырмады.
Ши Жинпиң мен айналасындағылар Қытайдың беделін қалпына келтіруге тырысуда. Өткен аптада Қытай премьері Ли Кэкуяң барлық елдімекендердің ақпаратты ашық жариялауы керектігін айтып, тапсырма берген. Ал бұған дейін жазаланған, кейін вирустан қайтыс болған дәрігер Ли және басқа да медицина қызметкерлерге ресми "ұлттық азап шегушілер" деп баға берілді.
Тағы бір айта кету керегі Ухан карантинге жабылғаннан кейін бірер апта өткеннен соң мемлекеттік БАҚ ел президентінің қаңтардың бірінші аптасында кездесу өткізгенін жазды. Алайда бұл ақпарат қаңтардың басында жарияланбаған еді.
Қытай Италия секілді көмекке мұқтаж мемлекеттерге медикаменттер жіберді, алайда Сербия секілді мұндай көмекке зәру елдер әлі де аз емес.
Сондай-ақ Қытай үкіметі адамдарға вакцинаны сынақтан өткізудің алғашқы кезеңі бірнеше аптада аяқталғанын атты. Алайда, бұл мәліметтің дұрыс-бұрыстығы әзірге белгісіз, дегенмен осы дағдарыстың болуына себепші болған Қытай қазір соңына өзі нүкте қойған мемлекет ретінде көрінгісі келіп отырғаны анық.