Қытай мен Оңтүстік Корея арасында ақпараттық соғыс пен саяси теке-тірес орын алуда. Даудың түбі «Сад» зымыранға қарсы жүйесінің Кореяда орнатылатынынан басталып отыр. Қытай тарабы Кореяға экономикалық қысым түсіріп, Қытай базарындағы кореялық кәсіпорындарды ығыстырып отыр. Екі ел ара әр бір әскери әрекеттерін аңдып, әр қадамынан мін табуға тырысып отыр. Мақсат – түбекте өз дегенін жүргізу немесе мүддесін таптатпау.

Жақында ҚХР, ҚХРД және Оңтүстік Корея үш ел шекараласатын Ханжияң өзені маңында Корей қарулы қосынының шарлау жүргізетіні туралы хабар таратылысымен Қытай ақпараттық құралдары жаппай талқылап әкетті. Айталық, қытайлық «Шинлаң» ақпараттық сайтында бұл туралы көлемді мақала да жарияланды.

Оңтүстік Корея БАҚ-ы кеше – 31 наурыз күні Корей қарулы күштері шығарған жаңа қарарын жария етті. Онда Корей Қорғаныс күштері қытайлық балықшылар кемесінің Ханжияң өзені секілді Оңтүстік-Солтүстік Корея арасындағы шекаралық аймақтарда заңсыз балық аулау әрекетін болдырмас үшін, шарлаушы қосындардың саны мен қуатын арттыратындықтары айтылған. Хабарға қарағанда 30 қарулы жасақтан құрам тапқан шарлаушы қосын, шекаралық аймақта заңсыз қимылдың барлық түрін қатаң бақылайды.

Өткен жылы маусым айында Корей теңіз шарлаушы қосыны мен БҰҰ қарулы қосыны бұл аймақтардағы Қытай балықшылар кемесінің қимылын қатаң түрде қудалау жүргізіп, төрт күн ішінде 2 балықшылар кемесін ұстаған болаты. Кореялық «New Jersey» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, Ханжияң өзенінің төменгі ағысы ҚХДР мен Оңтүстік Корея шекарасына жақын келеді. Екі ел арасындағы кілтең де сезімтал аумақтарға жатады. Өткен жылдан бастап Солтүстік Кореяның аумаққа кіріп кетуінен алаңдаған Оңтүстік Корея қорғаныс тараулары, бұл аумаққа қарулы қосын кіргізіп, бақылауға ала бастады. Дегенмен ол кезде Қытаймен арада бүгінгідей саяси кірбеңдік болмаған еді. Аталған агенттіктің хабарында, өткен жылы Оңтүстік Корея алдын ала ҚХДР тарабына хабар беріп, ескерту жасаған. Алайда, биылғы жылда жүргізілетін шарлау әрекеті үшін ресми хабарлама жолдамаған екен. Өткен жылдың қарашасынан, биылғы жылдың наурыз айына дейін балық аулау маусымы болғандықтан, шарлау тебінін азайтқан. Алайда бүгіннен 1 сәуірден бастап бұл аумақта балық аулауға қатаң тиым салынады.

Оңтүстік Кореяның SBS телеарнасының хабарында, Оңтүстік Корея Ұлттық ассамблеясының 30 наурыз күін «Теңіз гарнизон заң-ережелеріне» түзетулер мен толықтырулар енгізу арқылы, теңіз шарлаушы күштеріне көптеген құқықтар берген. Айталық, шекараны заңсыз бұзу, қарулы шабуыл сипатты кедергілер болған жағдайда, үш реттен көп ескерту жасайды. Егер қарсы жақ ескертуден кейін де қимылын тоқтатпаса барлық өт күшін пайдаланып қорғануға және қауіпті нысанды жойып жіберуіне құқықты деп тапқан.

“The Qazaq Times”