Мекемтас Мырзахметтің діни көзқарасын атеистіктен мұсылманшылыққа алып келген не? Абыз-ғалым неліктен Сәбит Мұқановқа ермеді? Коммунист бозжігіттен қалай толысқан абайтанушы шықты? Қазақтың классикалық дүниенің сыртқы-рухани көрінген-көрінбеген ілімінің құдіреті, өткені мен бүгіні. Яссауи сопылық мектебінің маңызы және дін-дүние ісін қатар тізгіндеудің сара жолы қазақ өмірінің басты ұстыны болғандығын сөз еткен ғылымның ақсақалы иманды ғылым қажет деп санайды.
Қазақстандағы дін өкілдерінің саяси жағдайға араласуы, мемлекетті басқару ісіне діни тұлғалардың тартылуының ақыры неге жеткізеді? Қазақтың түпкі табиғатын жіті танитын ғалымның Қордай қақтығысы, дүнгендердің қоныс аударуы, олардың діл-болмысы туралы өз пайымын бөлісті.
Уаһабистерден келетін қауіп қандай? Дәстүрлі құндылықты жоққа шығарушы астыртын псевдосәләфтерді «сыртқы күш ақшамен» демеу көрсететінін айтады. «Батыстағы уаһабшылдардың әсері күшті болуының» сыры қайсы? Жастарды адастыратын шырмаудан арашалар «дара» иммунитет... «Таза» қазақтың көбеюі және оған «жаны қас шала қазақ пен ада қазақтың» діттегені не?
Осы сұрақтар жөнінде аты алты алаштан асқан мәшһүр ғалым Мекемтас Мырзахмет емханада жатқанына қарамай, біздің сауалымызға жауап берген еді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?