Бүгін, ақпанның 2-сі Қазақстанның халық жазушысы, тарихшы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, мемлекет сыйлығының лауреаты (1984) Мұхтар Мағауиннің 80 жасқа толған күні.
Қазақтың абыз қаламгері 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. Қазақ әдебиеті газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары Жазушы баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы. 1987 жылы еркін шығармашылык қызметте, 1988-2006 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметінде болған. Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. «Қобыз сарыны» атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бүдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. «Көкмүнар» (роман, 1972), «Бір атаның балалары», «Көк мүнар» (повестер мен әңгімелер), «Аласапыран» (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), «Шақан Шері» (роман), «Мен» (ғүмырбаяндық роман-хамса), «Құмырсқа-қырғын» (әңгімелер), «Ұлтсыздану ұраны» (мақалалар), «Шыңғыс хан» көптомдық тарихи зерттеуі және тағы басқа кітаптары жарық көрген. 2002 жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.
Мұхтар Мағауинның шығармашылық тарихына зер салып қарасаңыз үнемі жаңашылдыққа үмтылғанын байқау қиын емес. «Қыпшақ аруы», «Құмырсқа қырғын», «Көкбалақ» шығармалары қазақ әдебиетінің поэтикслық мәнін барынша байыта түсті. Чехия Республикасынан жарық көрген «Жармақ» – қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне қүрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді. «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы, Улан-батордағы Халықаралық Шыңғыс хан Академиясының құрметті академигі, Түркияның Халықаралық Түркі дүниесіне қызмет сыйлығының сахибы.
Редакция атынан мұхиттың арғы бетінде тұратын қазақ әдебиетінің алыбы әм абызын мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, берік денсаулық, бармақтай бақ, мұзарт шыңның абыройын тілейміз.
*Қаламгердің жеке сайтының сілтемесі.