Тараз қаласының полициясы терроризмге қарсы оқулар өтетінін хабарлап, сол себепті қала тұрғындарын алаңдамауға шақырды.
"Наурыз Антитеррор - 2017" оқуларының мақсаты - терроризммен күрес жөніндегі облыстық шұғыл штабының мүшелері мен оның шұғыл топтарының бірлескен жұмысын пысықтау", - делінген полиция хабарламасында.
Қазақстан қалалары мен елді-мекендерінде терроризмге қарсы оқулар 2016 жылы маусымда Ақтөбеде тіркелген оқиғадан соң жиі өткізілетін болды. Оқулар кезінде әдетте қоғамдық нысандарға барар жолдар жабылады.
Тараздағы сәрсенбілік оқу-дайындық кезінде полиция террористік шабуыл болды делінген жерге шұғыл топты жеткізу, жиналу, хабарлау жүйесінің жұмысын пысықтайды.
“The Qazaq Times”