АҚШ Сенатында Иранның америкалық әскери базаларға шабуылына байланысты жабық баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Жиында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, Қорғаныс министрі Марк Эспер сенаторларға Иракта болған жағдай жөнінде мәлімдеме жасады. Орталық барлау басқармасының басшысы Джина Хаспелдің айтуынша, америкалық әскерилер Иранның шабуыл жасайтынын алдын ала жерсерік арқылы анықтап, дер кезінде дайындалып үлгерген. Осылайша адам шығынын болдырмауға қол жеткізген.
Дегенмен, Ақ үй басшысы Трамп пен сенаторлар ресми өкілдердің мәлімдемесіне көңіл көншітерлік жауап қатқан жоқ. АҚШ сенаторы Чак Шумер: «Баспасөз мәслихатында көп сұрақтарға жауап берілмедіы. Әкімшіліктің алдағы жоспарына көңіліміз толған жоқ. Сенторлардың сауалы көбейген кезде шенеуніктер баспасөз мәслихатын тоқтатып кетіп қалды. Сондықтан бұл лауазымды тұлғалар 1 апта ішінде қайта келіп, жағдайды толық түсінідіруін сұраймын», – дейді.
Ислам революциясы сақшылар корпусының «Құдс күштері» арнайы жасағының қолбасшысы Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдаттағы АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде мерт болған. Оны өлтіруге АҚШ президенті Дональд Трамп бұйрық берген. «Құдс күштері» Иранның сырттағы әскери операцияларына қатысқан. Осы жағдайдан кейін екі ел байланысы ушығып кетті.
8 қаңтарда Ирактағы АҚШ базасына Иран тарапынан зымыранмен шабуыл жасады. Ресми Теһран шабуылда 80 америкалық сарбаз көз жұмды десе, Уашингтон әскерлер зардап шеккен жоқ деген мәлімдеме жасады.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті