АҚШ Иранның санкциялық тізімін кеңейтті. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) мәлімдемесінде айтылған.
Санкциялық тізімге Иран және Қытай азаматы енгізілді. Сонымен қатар, шектеу шаралары алты компанияға: БАӘ-нің бір компаниясы және бес қытайлық компанияға қатысты енгізіледі.
Ведомство таратқан мәлімдемеде: «Басқарма ұлттық Иран мұнай компаниясы (NIOC) экспортының жүздеген миллион доллар транзитіне қатысқан мұнай-химия және мұнай компанияларына қарсы санкциялар енгізеді. Иранның мұнай саласы Ислам революциясы күзетінің корпусын қаржыландырады және оған террористік топтар жақын. Бұл ирандық режимнің Таяу Шығыстағы зұлымдық функциясын қаржыландыратын негізгі табыс көзі. Санкцияға іліккен компаниялар Иран мұнай экспортына АҚШ-тың экономикалық санкцияларын бұзуға көмектесіп отыр», – делінген.
Тізімдегі жеке тұлғалар мен компаниялардың барлық меншігі мен мүліктері АҚШ аумағында бұғатталады. Америкалық азаматтарға олармен байланыс орнатуға қатаң тыйым салынады.
11 қаңтарда Уашингтон Иранға экономикалық санкция енгізген болатын. Қатаң қаулыға іліккендер қатарында Иран ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Али Шамхани, Иран карулы күштері қолбасшысының орынбасары Реза Аштиани, Ислам революциясы корпусының «Басидж» жасағының басшысы Големреза Сүлеймани бар. Уашингтон Қытай мен Сейшель аралдарында орналасқан 17 тау-кен және металл компаниясына, металл саудасымен айналысқан кемеге де санкция салды.
Санкциядан бөлек, Ақ үй басшысы Дональд Трамп Иран режимінің қосымша табыс көздеріне шектеу қойды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді