АҚШ президенті Дональд Трамп 28 наурыздан бастап, бұрынғы президент Обаманың климат саясатына «пышақ сермеді». АҚШ Хабар тарату корпорациясының хабарына қарағанда, АҚШ Қоршаған ортаны қорғау бюросының бастығы Прюитт сұхбатында президент Трамптың атқару бұйрығына қол қоярда, Обама үкіметі 2015 жылы жолға қойған «Таза энергия бағдарламасын» лақтырып тастағанын айтты. Оның айтуынша алдынғы үкімет бекіткен бұл бағдарлама Құрама Штаттың өнеркәсіп тебінінің артуына ажырғы болады екен. Ол тағы климат өзгерістерінің алдын алу туралы «Париж келісімі» бар болғаны бір ғана нашар мәміле, бұл АҚШ үшін теңсіздік деп бағалаған. Бұл туралы Sina.com хабарлаған болатын.

NBC арнасы 28 наурыз күнгі хабарда, Ақ үйдегі бір жоғары лауазымдының пікірін таратып, президент Трамптың қоршаған ортаны қорғау туралы осыдан бұрынғы нормативтер АҚШ энергетика балансын өндіру тебінін артыруға әсер етеді деп санайтындығын көрсетті. Бірден бір экономикалық фактор президенттің осы шешімін шығаруға әсер еткен делінген. Бұл лауазымды тұлға өзінің көзқарасын: «Күшті экономикалық тебін мен қарқынды даму белгілі бір деңгейге жеткенде гүлденуге жеткізеді. Ал гүлденудің өзі қоршаған ортаны қорғау болып табылады»,  – деген сөздермен білдірген. Бұлар Трамп үкіметінің осыған дейінгі үкіметтер белгілеп келе жатқан қоршаған ортаны қорғауды дамудан кейінге қойғанын түсіндіреді.

«Америка дауысы» басылымы бүгін таңертең (АҚШ жергілікті уақытымен 28 наурыз кеште), Трамптың жаңа атқарушылық тәртібі шын мәнісінде Обама үкіметі белгілеп кеткен орта қорғау ережелерін жоятыны туралы арнаулы мақала жариялады. Трамп үкіметі қазба байлықтар арқылы энергия ресурстарымен Американы қамтамасыз ету арқылы, дамуға тебін беруге баса назар аударып отыр. Әлемдегі ең дамыған елдің қоршаған ортаны қорғау туралы ережелерді қайырып қойып, жедел дамуды мақсат етуі тұтас әлемге оғаш сезілетіні анық. Онсызда әлемдегі 35 пайыз ресурста бір ғана америкалықтардың тұтынуына кетеді. Бұл алдағы уақыттағы БҰҰ және әлем елдерінің даму бағытына әсер етпей қоймайды.

Америка Құрама Штаттарында мол қазба энергия қоры бар екені белгілі. Қазба энергияны дамыту ел азаматтарын жұмыспен қамтуға да мол пайдасын тигізетіні де анық. Сонымен бірге энергетикалық шығындар мен сыртқа тәуелділікті де сейілтуге болады. Ел халқы да мұндай даму жоспарына құба-құп дегелі тұр. Алайда, Трамп үкіметінің АҚШ-тың бұдан бұрынғы жүрісінен жаңылып, барлық жақтарда тың бастама қозғап, экономика және әскери қуат жағынан тың дамуға ұмтылуында қандай мақсаттың барлығы белгісіз?!

“The Qazaq Times”