Аустралия өрт құрсауында қалды. Орман өрті бүтін бір материкті шарпып, 5.5 миллион гектардан астам аумақ өртке оранған. Соңғы мәліметтер бойынша, 500 миллионнан астам аң-құс қырылып қалған. Оның 8000-ы коала аюы. 1400-ден астам үй тілсіз жаудың шырмауында кетсе, 10 млн-нан астам адам газдан уланған. Ауа сапасы қауіпті межеден 26 есеге төмендеп кеткен. Жалынған оранған жасыл құрлық жөнінде фотобаян ұсынғанды жөн көрдік.

Deutche Welle мәліметінше, Өрт алдымен Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Квинсленд штатында басталып, Виктория, Оңтүстік Аустралия мен Тасманияға өткен.  Салдарынан материктегі жан-жануарлардың үштен бірі қырылып қалған. Сидней университетінің экологтері келтірген деректерге сүйенсек, өртеніп кеткен сүтқоректілердің, құстардың жалпы саны жарты миллиардқа жетеді.

Фото: REUTERS

Дәл қазіргі уақытта Аустралия халқы табиғи апатпен күресуге қауқарсыз. Халық қайықпен теңіз бетіне шығып, көмек күтуде. Құтқаруға жіберілген кемеге мың адам сыяды. Тағы 3 мың халық теңіз бетінде көмек күтіп қалған. Алдағы уақытта тікұшақ жіберу қарастырылған.

Отқа оранған үй. Фото: ВВС

Мемлекет астанасы Канберрада ауа ластануының индексі шекті нормадан 26 есе асып кеткен. Орман өртінің зардабы тек Аустралияға ғана емес, көршілес аймақтағы елдерге де залал келтіре бастады: өрт салдарынан Жаңа Зеландиядағы мұздықтар қоңыр түске боялған.

Фото: REUTERS

Табиғи апат хроникасына көз жүгіртсек, бұған дейін жасыл құрлықта бірнеше мәрте өрт болған. Бірақ, жыл басындағы өрттен келген залал-зиян мөлшері өте көп. 2009 жылғы өрт салдарынан мұнда 173 адам қайтыс болған.

Аустралиядағы өрттен зардап шеккен коала. Фото: instagram.com/wildlifepla

Бұл күн ел тарихында «қаралы жексенбі» аталып кеткен. Экологтар биыл адам шығыны айтарлықтай аз болса да, өрттің күшті екенін айтады. От жалыны қатты болғаны сонша, тез тарап, гектарларды әп-сәтте шарпып өтеді.

Фото: instagram.com/wildlifepla

Мемлекетте 2009 жылдан бері құрғақшылық. Метеорология бюросының ақпаратына сүйенсек, 2019 жылдың желтоқсаны ең құрғақ маусым ретінде тіркелген. Ауа температурасы 40 градус цельсийден түспеген.

Фото: instagram.com/wildlifepla

Биыл естеріңізде болса, Амазон ормандары өртеніп, 7 млн гектар жерді қамтыған еді. Мемлекеттің Қоршаған орта министрі Сюзан Лей өрт салдарынан Аустралияда ғана мекендейтін коалалардың үштен бірі қырылып қалғанын мәлімдеді.

Фото: REUTERS

Аустралиядағы жағдай әлем назарында. Грета Тунберг, Леонарди Ди Каприо, Ева Лонгория және тағы да басқа танымал тұлғалар Instagram желісіндегі парақшаларында қолдау сұрады. Өрттің қашан сөндірілетіні әзірге белгісіз.

Фото: ВВС

Фото: АРР

"The Qazaq Times"