АҚШ Федералдық Барлау қызметі (FBI) ANOM атты жаңа мобильдік бағдарлама арқылы ұйымдасқан және шекара аттаған қылмыстық топтарды тұзаққа түсіріп, қылмысқа қатысы бар делінген 800-ден астам адамды тұтқынға алған. Ауқымды операцияны Аустралияның құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жүргізген.
Федералдық Барлау қызметі жаңа дан жасалған ANOM ұялы телефон бағдарламасы қылмыскерлер арасында тарату арқылы контрабандалық, есірткі аткезшілігі, адам саудасы, адам өлтіру және өзге де қылмыстармен айналысатын шекара аттаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін құрыққа түсірген.
Аустралиялық әріптестерімен ынытмақтаса жасалған операцияда контрабандалық топтар мен қылмыстық мафия топтарын басты нысанаға алған. Нәтижесінде 8 тонна улы шегімдік, 250 автомат қаруы, құны 48 млн АҚШ доллары тұртын түрлі валютадағы ақшаны тәркілеген. Аустралия премьері арнайы операцияның нәтижесін жоғары бағалай отырып, «халықаралық ұйымдасқан топтарға қарсы ең ауыр соққы жасалғанын» мәлімдеген.
ANOM бағдарламасы қылмыстық топтарды қалай құрыққа түсірді?
Бұған дейін FBI пайдаланған жасырын қосымшаның екеуі талқандалған. Қылмыстық топ мүшелері сақтығын күшейтіп, қауіпсіз ұялы телефондарға мұқтаж бола бастаған. FBI осы жағдайды пайдалана отырып, ANOM бағдарламасын жасырын делдалдар арқылы қылмыстық топтардің ең маңызды деген мүшелері арасына таратқан. Сол арқылы қауіпсіз делінген платформаға қылмыстық топ жетекшілерінің сенімін арттырған.
Аустралия полициясының айтуынша, әдеттегі бағдарламалар арқылы (Android, IOS) қоңырау соғу немесе электронды хат сандығын пайдалану, хабарлама жіберу әрекеттері оңай ашыққа шығып қалатындықтан қылмыстық топтағылар қауіпсіз бағдарламаны іздестіреді. ANOM бағдарламасы тек осы бағдарламаны ғана қолданатындар арасындағы хабар-байланысты қамтамасыз етеді. Бұл қылмыстық топ мүшелеріне «қауіпсіз» деген сенім ұялатады. Алайда, бағдарлама Федералдық барлау қызметі жағынан бақыланады да, хабар-байланытардың барлық мәліметі жиналып отырады. Осылайша шекара аттаған қылмыстық топтар қолға түскен.