Солтүстік альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг 6 қаңтар күні ұйым кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді. Күн тәртібіндегі басты мәселе Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы болмақ.
Жиынға қатысушылар Иран генералы Сулейманидің өлімінен кейінгі Ирак жеріндегі қазіргі жағдайды талқыға салмақ. АҚШ пен Иран қайшылығына әлем елдері алаңдаушылық білдіріп отыр. Осы аптада Германия мен Ұлыбритания Иран өкілдерімен кездесу өткізетінін хабарлады.
31 желтоқсанда АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі алдында наразылық шарасы болып, шерушілердің алды елшілік ғимаратына шабуылдаған. Америка бұл наразылықтың артында Иран тұр деп есептейді. Наразылық АҚШ күштерінің Ирактағы және Сүриядағы шабуылында шиит мұсылмандары қаза тапқаны туралы мәлімет тараған соң тұтанған еді.
3 қаңтарда Иракта АҚШ ирандық әскербасының көзін жойып, оқиға жауапкершілігін мойнына алғаннан кейін Уашингтон мен Теһран арасындағы соғыс ықтималдығы туралы айтыла бастады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр