Аймақтың төтенше жағдайлар бойынша департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысында Сырдария өзенінің тасуы салдарынан жергілікті тұрғындар мен өрістегі малды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Таңғы бестер шамасында өзеннің Басықара бөлігінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан Балықшысай аймағында сеңдердің кептелуінен өзен суы арнасынан шығып кеткен. Ал бес сағат өткеннен кейін өзеннің төменгі сағасындағы Шортай аумағында да аталмыш себептен өзен суы тасып кеткен.
Су жеке шаруа қожалығының аймағына қарай тасыған. 26 наурызда таңертеңнен бастап адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталған, нәтижесінде 23 адам құтқарылған, оның 8-і балалар.
Сонымен қатар, құтқарушылар 32 ірі қара мен 19 жылқыны су жайылған аймақтан көшірген.
“The Qazaq Times”