АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконгтағы демократия және адам құқығы туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған дейін АҚШ Конгресінің екі палатасы мақұлдаған заңнамалық бастама АҚШ әкімшілігінен ҚХР-ның осы арнайы әкімшілік аймағындағы жағдай туралы заң шығарушыларға үнемі есеп беріп отыруды талап етеді. Заңға сәйкес, Гонконгта адам құқығын бұзғандарға санкция салынады. Қытай билігі аталған заң жобасына қатысты АҚШ-қа қарсылық білдірген.
Сонымен қатар, америкалық көшбасшы демонстранттарды тарату үшін АҚШ техиникаларын жергілікті құқық қорғау органдарының пайдаланбауы үшін «Америка Құрама Штаттарынан Гонконгқа полицияның арнайы техникасын әкетуге тыйым салу туралы» заңға қол қойды. Трамп мәлімдемесінде: «Мен бұл заңдарға ҚХР төрағасы Ши Жиңпиңге ескерту ретінде және Гонконг тұрғындарына құрметпен қол қойдым. Қытай мен Гонконгтың басшылары, өкілдері келіспеушіліктерді бейбіт түрде шешуі тиіс. Аталған заңдар Гонконгтағы бейбітшілік пен өркендеуге әкеледі деген үмітпен енгізілді», — деді.
Гонконг шаһарындағы наразылық шаралары бастапқыда гонконгтік азаматтарды экстрадициялау туралы заң жобасына қарсылықтан басталғанымен, соңғы кездері наразы топ Гонконг қаласының дербестігі туралы да ұрандар көтере бастады. 16 маусымда 2 миллионға жуық адам наразылық шеруіне шыққан еді. Бұл ел тарихында болмаған массалық наразылық акциясы.
Айта кетейік, 25 қарашада Гонконгтың 18 аймағында өткен сайлауда оппозиция өкілдері айқын жеңіске жетті. Дауыстарды алдын-ала санау нәтижелері бойынша демократия үшін күрес жүргізген топ яғни оппозиция өкілдері 452 орынның 396-ына ие болған (шамамен 90%).
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы