АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Вашингтон әкімшілігінің басшысы ретінде қоштасу видеосын жарияламақ. CNN телеарнасының мәліметінше, бейнежазба сейсенбіде көрсетіледі.
Видео үндеуде Трамп төрт жылдық президент лауазымындағы ең маңызды жетістіктерді атап өтеді. Сондай-ақ, үндеуде Ақ үйдің жаңа әкімшілігі туралы айтылады.
3 қарашада өткен президент сайлауында ресми нәтиже бойынша 306-232 (электорлар дауысы) есебімен Джо Байден жеңіске жеткен. Бірақ Трамп сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартты. Трамптың жақтастары да бұл жолғы сайлау әділетсіз өтті, дауыстар ұрланды деп санайды.
АҚШ вице-президенті болып сайланған Джозеф Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарға жоспарланған. Сло күні өтетін рәсім қарсаңында АҚШ-тың бірнеше штатында президент Дональд Трампты жақтайтын демонстранттар жергілікті үкімет ғимараттарының маңына жинала бастады. Кейбірінің қолында қару бар.
Осыған байланысты АҚШ-тың 50 штаты мен Колумбия округі сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясына байланысты қаупісіздік шараларын қатаңдатты. Вашингтонға Ұлттық гаврдия әскерлері жіберілді. Ұлттық аллея жабылып, көшелерге қоршаулар қойылды. Мэриленд, Нью-Мексико және Юта губернаторлары наразылық акцияларының алдын алу үшін төтенше жағдай енгізді. Техас жергілікті Капитолий ғимаратын уақытша жапты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел