АҚШ-тың 50 штаты мен Колумбия округі сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясына байланысты қаупісіздік шараларын қатаңдатты.
Вашингтонға Ұлттық гаврдия әскерлері жіберілді. Ұлттық аллея жабылып, көшелерге қоршаулар қойылды. Мэриленд, Нью-Мексико және Юта губернаторлары наразылық акцияларының алдын алу үшін төтенше жағдай енгізді. Техас жергілікті Капитолий ғимаратын уақытша жапты.
3 қарашада өткен президент сайлауында ресми нәтиже бойынша 306-232 (электорлар дауысы) есебімен Джо Байден жеңіске жеткен. Бірақ Трамп сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартып, «соңына дейін берілмейтінін» айтты.
7 қаңтар АҚШ Конгресі сайлаушылардың дауысын есептеп, 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын шығару үшін жиналған болатын. Сайлауда демократтар партиясының өкілі Джо Байден жеңіске жеткен еді. Алайда бұған дейінгі президент Дональд Трамптың жақтастары жаппай наразылық акциясын бастап, олардың бір тобы Конгресс ғимаратына басып кірді. Түн жарымына қарай АҚШ Конгресін және Сенатын күзететін полиция Трамптың жақтастарын Капитолий аумағынан тықсырып шығарды. Сенат ғимаратын АҚШ ұлттық ұланының жасағы күзетуде. Вашингтонда коменданттық сағат енгізілді. Кейін Instagram, Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын блокқа қойды. Наразылық акциясынан соң АҚШ Конгресі дауыстарды сертификаттауды жалғастыруға дайын екенін мәлімдеген еді.
11 қаңтарда АҚШ астанасында Байденнің инаугурациясына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді мерзімінен алты күн бұрын бастау туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты Ақ үй мен Конгресс маңында орналасқан әкімшілік кешендер, дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы уақытша тоқтатылды.