Гонконгтың 18 аймағында өткен сайлауда оппозиция өкілдері айқын жеңіске жетті. The New York Times мәліметінше, дауыстарды алдын-ала санау нәтижелері бойынша демократия үшін күрес жүргізген топ яғни оппозиция өкілдері 452 орынның 396-ына ие болған (шамамен 90%).

Осыған дейін аудандық кеңестердегі орындардың 75% дауысқа ие болған үкіметшіл топ бұрын-соңды болмаған жеңіліске ұшырады. Бұл жолы сайлауда 600-ден астам сайлау учаскелері жұмыс істеді,1090 кандидат қатысты. Тіркелген 4,1 миллион сайлаушының 2,94 миллионнан астамы дауыс беруге келдінәтижелері бойынша демократия жақтастары 452 орынның 396-ына ие болды (шамамен 90%). Сайлауда тәртіпбұзушыларды ұстау үшін 31 000 полиция жұмылдырылған. Бірақ наразылық білдірушілер бұл жолы көшелерде митинг ұйымдастырған жоқ.

Гонконг шаһарындағы наразылық шаралары бастапқыда гонконгтік азаматтарды экстрадициялау туралы заң жобасына қарсылықтан басталғанымен, соңғы кездері наразы топ Гонконг қаласының дербестігі туралы да ұрандар көтере бастады. 16 маусымда 2 миллионға жуық адам наразылық шеруіне шыққан еді. Бұл ел тарихында болмаған массалық наразылық акциясы. Осы сынды ауқымды наразылық шеруі Гонконгте 1997 жылдан бері болған емес. Сол тұста Британия үкіметі Гонконгті Қытай үкіметінің айрықша басқару тәртібіне өткеріп берген болатын. Бұған наразы жүз мыңдаған адам көшеге шығып, ҚХР билігін қабылдауға қарсы наразылық білдірген. Гонконгта жергілікті әкімшілік басшысы Кэрри Лам заң жобасын күн тәртібінен алып тастау туралы шешім қабылдады, бірақ бұл үкіметке қарсы наразылық толқынын тоқтатпады.

Қазіргі уақытта Гонконгте апта сайын жалғасын тапқан халық шерулерін БҰҰ өкілдері, шетелдік агенттіктер бақылап отыр. БҰҰ-ның Адам құқығы бойынша өкілі Руперт Колвилл: «БҰҰ Гонконг әкімшілігі аумағындағы ереуілдерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Себебі қолда бар материалдарға қарап тәртіп сақшылары наразы халықты тарқату үшін халықаралық нормаға сай келмейтін құралдарды қолданғанын көрдік. Сондай-ақ, жабық нысанда көз жасаурататын газ шашқан. Бұл адам өміріне қауіп төндіретін жағдай. Гонконг билігінен тұрғындарға қарсы күш қолданбауды талап етеміз. Полиция бұл әрекетімен ереуілшілерді одан сайын ызаландыра түседі. Мәселені күшпен шешудің қажеті жоқ», – дейді.

"The Qazaq Times"