Жапония үкіметі АҚШ-тың әскери әлеуетін, ядролық қаруға қатысты мәлімдемелерін қолдайды.
24 қарашада Рим Папасы Франциск Хиросимадағы әлем паркіне барған кезде әскери мақсатта атом энергиясын пайдалану, сондай-ақ ядролық қаруға ие болу аморальды деп атаған. Францисктің пікіріне Жапония билігі жауап берді.
Токиода өткен баспасөз мәслихатында Министрлер Кабинетінің Бас хатшысы Есихидэ Суга: «Ядролық қаруды қоса алғанда, АҚШ-тың әскери күшті нығайтуы – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір тәсілі. Қазіргі уақытта ядролық қарусыздануды ілгерілету қажет», – деп атап өтті.
2017 жылы қыркүйекте Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыраны Жапон кеңістігінен ұшып өткеннен кейін, Жапония Қорғаныс министрлігінің талаптары бойынша, жаңа зымыран қорғанысы технологиясына 1,6 миллиард АҚШ доллары жұмсалды. Бұл Солтүстік Кореяның су астында орналасқан зымырандарын жылдам табуға болатын радарды да өз ішіне қамтиды. Сондай-ақ, баллистикалық зымырандарға қарсы тұра алады. сол уақыттан бері КХДР Жапон теңізіне қарай бірнеше мәрте зымыран ұшырып келеді.
Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта АҚШ-та 3800-ден астам ядролық оқ тұмсық бар. Олардың арасында 1750 данасы баллистикалық және орта-қысқа қашықтықтағы тасымалдаушы зымырандарға орнатылған. Ал, қалғаны ядролық резерв ретінде сақталуда. АҚШ Түркия, Бельгия, Италия, Германия және Голландия қатарлы елдердегі әскери базаларында B-61 атом бомбасының 150 данасын орналастырылған. 2019 жылы АҚШ ядролық арсеналын дамытуға 24 млрд доллар қаржы бөлінген.