Жапония мен АҚШ өкілдері келесі аптада жапон аумағында америкалық әскери базаларды ұстауға жұмсалатын шығындар бойынша келіссөз өткізбек. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.
Тараптар 2021 жылғы бюджет құжатына сәйкес, келесі төрт жылға арналған келісімшарт жасайды. Негізінен Жапония мен Америка арасындағы әскери бюджет мәселесі бірнеше жылдан бері күн тәртібінде тұрған. Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы көмекшісі Джон Болтон Уашингтон 2019 жылы Токиодан жыл сайын елдегі америкалық әскери базаларды ұстауға 8 миллиард доллар бөлуді талап еткенін айтқан. Бұл сома қазіргіден 4,4 есе көп.
Былтыр Жапонияның әскери базаларды ұстауға арналған шығындары 199,3 млрд иенге жеткен. Яғни нгізгі бағам бойынша 1,8 млрд доллардан астам. Жапония осы нысандарға байланысты барлық коммуналдық шығындарды төлейді. Сонымен қатар олардың жергілікті қызметкерлерінің жалақысын алады.
Окинава аралында орналасқан Кадэна – АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы ең ірі әскери базасы. Ол 2 мың гектар жерді алып жатыр. Жалпы Окинава аралында 25 мың 800 америкалық жауынгер мен олардың 19 мың туысы тұрып жатыр. Окинава префектурасының әкімшілігі мен жергілікті халық үнемі АҚШ әскерінің қысқартылуын талап етеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті