Жапонияның құрлықтағы өзін-өзі қорғау күштері мен АҚШ қарулы күштері «Orient Shield» ауқымды әскери жаттығуын өткізбек.
Жапонияның қорғаныс министрі Нобуо Кишидің хабарлауынша, жаттығу 24 маусым мен 11 шілде аралығында Жапониядағы базаларда өтеді. Министр мәлімдемесінде: «Жапония айналасындағы аймақтық қауіпсіздік жағдайы күннен күнге ушығып барады. Сол себепті Жапония мен АҚШ әскери күштері арасындағы ынтымақтастықты нығайту өте маңызды. Бұл өз кезегінде жапон-америкалық стратегиялық одақтастықтың нығаюына ықпал етеді», – деді.
Екі ел 1985 жылдан бері «Orient Shield» атауымен бірлескен жаттығулар өткізіп келеді. Тараптар бұл маневрлерді екі елдің әскери бөлімдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ тактикалық және жауынгерлік әзірлікті арттыру мақсатында бастаған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні