Жуырда ғана елордасында президенттің қатысуымен Мұсылмандар діни басқармасы имамдарының III форумы өтті. Аталған шаралардың барлығы Қазақстандағы исламның қоғамның орнықтылығы тұрғысынан өзіндік мәнге ие екенін көрсетті. Сондықтан да, өткен форумның мәні және ҚМБД қызметіне қандай өзгерістер қажет деген сауалдарға байланысты дінтанушы Асылбек Снадинмен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз.
- Имамдар форумында министр Дәурен Абаевтың айтқан пікірлеріне қандай баға бересіз?
- Расымен Дәурен Абаев форумда сөйлеген сөзінде ҚМБД-ның ақпараттық жұмысына байланысты бірнеше ұсыныс айтты. Жекелікте ол ҚМБД-ның ағартушылық жұмысының белсенді болуы қажет екенін ерекше атап өтті, сондай-ақ, имамдардың әлеуметтік желідегі белсенділігі де бар. ҚР 2011 жылғы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңы қабылданғаннан кейін барлық діни насихаттар әлеуметтік желіге ауысқаны жасырын емес, оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдарда бар. Бүгінгі таңда әлеуметтік желі платформасы жастар үшін діни материалдарды іздейтін орынға айналды, оның ішінде исламға қатысты даулы мәселелерді атап өтпеске болмайды. Өкінішке орай детструктивті ағымдардың контенттері желі де басымдылыққа ие, ал имамдарымыздың интернеттегі белсенділігі - діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік ұйымдардың күресіне профилактикалық көмегін тигізер еді. Ең бастысы желіден діни білім іздеген жастар ақпаратты сенімді дереккөздерден алады.
- Жаңа буын имамдар корпусын қалыптастыру дегеніміз нені білдіреді?
- Біз мынаны түсіну керекпіз, діни жағдайдың өзгеруі, дінге сенушілер сұранысының жоғарылауы, сонымен қоса, ағымдағы мәселелер имамдар корпусының үнемі жаңарып, дамып отырғанын қажет етеді. Тәуелсіздік алғалы бері имамдардың кәсібилігін арттыруда орасан жұмыстар атқарылды, қазіргі таңда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университеті түлектері облыстардағы имамдар штатын белсенді түрде толықтыруда, имамдар ротациясының қабылдануы аймақтардағы кез келген мәселені шешуге ықпал етеді. Діни біліммен қатар, заманауи ғылым салаларын меңгерген модерн-имамдар штатының қалыптасуы уақыттың талабы. Бір шетінен бұл шетелде білім алған детструктивті ағым насихатшыларына қарсы тұруға мүмкіндік береді, ал олардың ақпараттық технологияларды пайдалануы жастармен жұмысты жақсартады.
- Жалпы, дін өкілдерінің бұндай бас қосулары қоғам үшін қаншалық маңызды? Немесе, форумның басты ерекшелігі неде?
-Тәжірбие көрсетіп отырғандай, мұндай діни форумдар кезінде стратегиялық құжаттардың қабылдануы жүзеге асады. ҚМБД республикалық III имамдар форумы да бұл үрдістен тыс қалмады. Атап айтсам, форумда мәтіннің айтылу түрлі болмас үшін діни жоралғыларды біртұтас етіп бекіту ұсынылды. Бұл 45 діни жоралғыға толықтай түсінік берілген өте маңызды құжат. Оның үстіне, имамдардың лауазымына қатысты құжаттар мен Қазақстан мұсылмандарының рухани платформасы «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы қабылданды. Мұндай құжаттардың қабылдануы ҚМБД жұмысының белсенді болуында маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.
- ҚМБД-ның қазіргі бастамаларын қалай бағалайсыз?
- ҚМБД-ның жақсы бастамаларының бірі – «Ақсақалдар институтын» қайта қалыптастыру. Діни басқарманың хабарлауынша, облыстағы мешіттерде мұндай кеңестер жұмыс істеп жатыр. Аталған кеңестің маңыздылығы жас ұрпақты тәрбиелеудегі қосымша құрал болуында, дегенмен нәтиженің бұдан жоғары болуы үшін оның қоғамдағы рөлін көбірек насихаттау керек, оның ішінде жергілікті атқару ұйымдары тарапынан да қолдау қажет.
ҚМБД-ның діни экстремизм мен терроризмдегі ақпараттық-түсіндіру топтарын құрудағы профилактикалық рөлінің маңыздылығын атап өткім келеді. Оның ішінде орыстілді аудиторияларға бағытталғандар да бар, сонымен қатар, аймақтардағы түрмелерде экстремизм мен терроризмді насихаттағаны үшін жазасын өтеп жатқандармен жүргізіліп жатқан оңалту жұмыстарына да белсенді қатысуда. Және аталған жұмыстардың барлығы дерлік тегін жүргізілуде. РАТ саласындағы жұмыстардың есебі Жоғары мүфтидің қатысуымен болатын есепті конференцияларда тыңдалады. Сол себепті дінтанушылардың IX форумында Жоғары мүфтидің мүмкіндік болса оңалту жұмыстарына қатысатын ҚМБД теологтарының қызметіне қаржы бөлуді қарастыруды ұсынғаны ақылға қонымды.
Менің ше, бұл өте дұрыс идея. ҚМБД имамдарының қатысуымен болатын профилактикалық, реабилитациялық жұмыстардың көпшілігі дерлік тегін жүргізіледі. Халықпен жүргізіліп жатқан ақпараттық түсіндіру жұмыстарының нәтижесіне қарамастан, ҚМБД-ның интернет кеңістігіндегі контрпропагандалық жұмыстары жоқтың қасы. Ал бір ғана «ВКонтакте» желісіндегі ислам туралы ақпарат тарататын топтар, желідегі каналдардың көпшілігі салафит бағытын ұстанғандарға тиесілі.
Бүгінгі таңда ҚМБД-ның әлеуметтік желіде өз жұмыстарын насихаттауға қатысты ақпараттық ресурстары және аталған жұмысты ұйымдастырудағы кадрлық мүмкіндігі орасан зор. Әсіресе жастарға дәстүрлі исламды насихаттайтын арналар мен топтар ашу, оның ішінде орыс тіліндегі ақпараттарға басымдылық берсе, салафиттік каналдардың әсеріне тосқауыл болатын еді. Сонымен қоса білімі мен дарыны жағынан шетелдік әріптестерінен кем түспейтін біздің имамдарымыз бен теологтарымыздың кеңінен танылуына жол ашады. Айта кететіні, ҚМБД-ның БАҚ-та және әлеуметтік желіде өз жұмыстарына басымдылық беруі туралы бастаманы министр Дәурен Абаевтың өзі ұсынды.
Сұқбаттасқан: Серікбол Біләлов