ҚМДБ жанындағы «Қажылық қоры» ұйымдастырған отандық дизайнерлер арасындағы қажыларға арналған киім үлгісі байқауы өз мәресіне жетті. Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚМДБ-ның хабарлауынша, байқауға 14 дизайнер қатысқан. Ұсынылған жұмыстарға баға берушілер киімнің ыстық ауа райындағы қолайлылығы мен онда ұлттық нақыштың болуына назар аударған. «Абырой.кз» фирмасы ұсынған киім барлық талаптарға сай деп танылып, бас жүлдеге ілікті. Жеңімпазға Умра қажылығына барып-қайтуға тегін билет берілді.
ҚМДБ төрағасының орынбасары Бауыржан Есмаханның айтуынша, Қазақстанда 18 қажылық фирмасы бар екен. «Бұл — қажылық парызын өтеуге аттанған отандастарымыз 18 түрлі киім киеді деген сөз. Сондықтан да, бірлігімізді көрсету үшін бірегей киім үлгісін қалыптастыру керек болды», - дейді ол.

Фото: ca-news.org
Енді еліміздегі барлық қажылық фирмалар қажылыққа барушыларға стандартты киім үлгісін ұсынатын болды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы