Мемлекет басшысы Тоқаев Тараздағы атышулы трагедиялық оқиғадан кейін қала әкімін орнынан босатты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз мектептерінің біріндегі дәретханада 12 жастағы қызды зорлау оқиғасынан кейін қала әкімі Қайрат Досаевты лауазымынан босатуды бұйырды. Тоқаев Twitter парақшасында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке ескерту жасағанын да хабарлады. Ол:
Тоқаев өз жазбасында "Досаев жұмысында жүйелі кемшіліктер жіберген" деп те жазды. Артынша Жамбыл облысының әкімдігі Досаевтың жұмыстан босатылғанын, оның орынбасары Бейсенбек Жанбосынов әкім міндетін уақытша атқаратынын хабарлады.
– Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым, – деді.
Қайрат Досаев Тараз қаласының әкімі болып биыл сәуірде ғана тағайындалған.
Қараша айының ортасында Таразда ер адам мектептердің бірінде ауладағы дәретханаға сабақ кезінде сұранып шыққан 7-сынып оқушысын зорлаған. Бұл оқиғадан кейін мектептің бірнеше қызметкері жұмыстан қуылған. Полиция 38 жастағы ер адамның ұсталғанын, оның бұрын да зорлық қылмысымен сотталғанын хабарлады.
Қазақстанда әзірге 2300 мектептің оқушыларға арналған дәретханасы сыртқы аулада, оқу объектісінен тыс орналасқан.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі