Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 2239 сәби қайтыс болған.
2019 жылғы қаңтар-тамыз айларында жасына толып үлгермеген 2239 сәби (2018 жылғы қаңтар-тамыз – 2117) өлімі тіркелген. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны биыл 5,8%-ға өсті. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтында жарияланған «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» жинағында көрсетілген деректер бойынша, қаңтар-тамыз аралығында туған әр мың балаға шаққанда 8,44 (8,09 – 2018 ж.) өлім-жітім жағдайы көрініс тапқан.
Нәресте өлімінің негізгі себебі – бұл перинатальды кезеңде пайда болатын жағдайлар. Дәл осы себеппен биылғы қаңтар-тамыз аралығында 1140 (1078) нәресте қайтыс болды әрі бұл сәбилер өлімінің 50,9%-ын (50,9% – 2018 ж.) құрады. Туа біткен ауытқулардан қайтыс болған сәбилердің саны 460 (418 – 2018 ж.) немесе 20,5% (19,7% – 2018 ж.), тыныс алу органдарының ауруларынан – 172 (140 – 2018 ж.) немесе 7,7% (6,6% – 2018 ж.) және жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан – 83 (95 – 2018 ж.) немесе 3,7% (4,5% – 2018 ж.).
Сондай-ақ көрсетілген кезеңде республикада 88014 адам қайтыс болған деседі. Бұған дейін, өткен айдың соңында Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова Қазақстан дәрігерлері тірі туған 277 нәрестенің өлімін жасырғанын мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, аудит қорытындысы бойынша 2018 жылы Қазақстанда 277 бала тірі туған, бірақ, оны дәрігерлер өлі туды деп жазғаны анықталған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы