Танзаниядағы БҰҰ-ның өкілдері Жомби ауданында қаза тапқан балалардың ісіне алаңдаулы. Қатаң бақылауына алған ұйым мүшелері тез арада қылмыскерлерді анықтап, жазалауды талап етіп отыр.
БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, соңғы бір апта ішінде Жомби аймағында 3 жастан 6 жасқа дейінгі 10 баланы өлтіріп кеткен. Оның ішінде бір отбасының үш бүлдіршіні бар.
Негізінен қаза тапқан балалардың өкпесі мен репродуктивті ағзалары кесілген. Мұндай айуандықпен жасалған кісі өлімі жергілікті өңірдің сенімі болуы мүмкін екен деп отыр. Себебі, бір кездері Жомбиде альбинизмді адамдарды құбандыққа шалып отырған. Соңғы бір-екі жылда толықтай тынышталғанымен, қайтадан бастау алуы да ғажап емес дейді мамандар.
Танзания полицейлері жергілікті тұрғындардың ішінен бірнеше азаматты күдікті ретінде тұтқынға алған. Оның ішінде қаза тапқан бір бүлдіршіннің ағасы да бар. Алайда, нақты дәлелдер мен қылмыскерлердің қатысы бар екендігі анықталмай отыр.
Осы жағдайға байланысты БҰҰ-ның Танзаниядағы өкілдері жергілікті билік өкілдеріне барлық шараларды орындап, кінәлілерді табуды талап етуде. Сонымен қатар, танзаниялық ата-аналарға кішкентай бүлдіршіндерді қараусыз қалдыруға болмайтындығын айтып насихат жұмыстарын жүргізді.