Мәжіліс отырысында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева елімізде балалар өлімі сиремей тұрғанына алаңдаушылық білдірді. Оның сөзінше, жыл басынан бері Қазақстанда 26 бала қасақана өлтірілген. Тағы 136 жеткіншек өз-өзіне қол салыпты.
Зағипа Балиева өлім-жітім саны өткен жылдармен салыстырғанда бірте азайып жатқанымен, әр баланың өмірі қазақ қоғамы үшін бағалы екенін айтты. Сондықтан ата-аналарды өз балаларының қауіпсіздігіне аса сақтықпен қарауын өтінді. Бүлдіршіндердің дені ерекше қорғалуы тиіс аумақтарда жазым болады. Мәселен, аулаларда, мектептер мен ауруханаларда. Мұндай орындарда ересектер қатар жүргенімен, көбіне бала өміріне араша түсе алмай қалып жатады екен.
Зағипа Балиеваның айтуынша, елімізде 2008 жылы 10 129 бала өлімі тіркелген екен. Ал былтыр 5 355 жеткіншек қаза тапқан.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?