Қарашаның 9-ы Алматыда Oyan, Qazaqstan азаматтық ұйымының санкцияланбаған бейбіт шеруі өтті. Дәл осы күні Respublika қозғалысы да ел астанасында рұқсат етілген митинг өткізді. 

Әдеттегідей азаматтық формадағы құзырлы орган қызметкерлерінің бақылауымен өткен шеруде азаматтық ұйым белсенділері кезектесе отырып ашық микрофонда өз пікірін ортаға салды. Сөздің ауаны елдегі саяси-қоғамдық, әлеуметтік әділетсіздік мәселелеріне байланысты өрбіді. Абай ескерткіші түбінде спикерлер орысша-қазақша үндеу жолдап жатты.

Абай ескерткішінің түбіне жиналған наразы белсенділер. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Биыл 5 маусымда, сайлау алдын құрылған ұйымның белсенділерінің бірі саясаттанушы Димаш Әлжанов Қазақстанда президент өкілетін кемітіп, мемлекет парламенттік формаға ауысуы керек деді. Әлжанов өз сөзінде:

– Біз жаспыз және елді өзгерту мүмкіндігіміз бар. Қорқа-қорқа батырға айналдық. Қорқуды қоятын кез келді! Отыз жыл бойы билік «әуелі – экономика, саясат содан соң ғана» деп айтып келді. Бұл саясат бізді тығырыққа тіреді. Сол сөзді айтқандардың аты-жөні қазір Forbes журналында жүр, – деді.

Спикерлердің бірі Димаш Әлжанов. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Абай ескерткішінің маңын жаңғырта сөйлеген белсенді жастар жиында «Парламенттік республика», «Гүл өссе жердің көркі, шал кетсе елдің көркі», «Гұқсатсыз бейбіт шеру», «Біздің бостандығымыз барлық абақтыдан мықтырақ», «Қазір болмаса, қашан?», «Шүкір, тәуба», «Мықты парламент, әділ сайлау, құқықтық мемлекет», «Еркіндік санкция қажет етпейді», «Сіздер бізді НҰРландырып жатсыздар», «Саяси тұтқындарға бостандық» деген жазуы бар плакаттар мен баннерлер ұстап тұрды.

Көрнекі плакат-баннерлер. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Көрнекі плакат-баннерлер. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Көрнекі плакат-баннерлер. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Көрнекі плакат-баннерлер. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Көрнекі плакат-баннерлер. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Көрнекі плакат-баннерлер. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Белсенді Ділдә Рамазан. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

«Біз мұнда жайдан-жай не кездейсоқ келген жоқпыз. 86 жыл біздің есімізде әрі біз қорықпаймыз. Бұл біздің еліміз», – деді белсенді Ділдә Рамазан. Сексенге тарта азамат қатысқан жиында қайта сөз алған Димаш Әлжанов «Диктатура ауруына» шалдыққан мемлекеттің жалғыз емі – саяси реформа» екенін қадап айтқан белсенді «биліктің бір адамның қолында болу» салдарларын сөз етті.

Ұйым мүшесі журналист Айсана Әшім. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Сөз сөйлеуші белсенділердің бірі қоғамның медицина, білім, қорғаныс т.б. өзге салаларындағы жайын қозғап, полицейлердің қылмыспен күресуге емес, шеруге  қатысушыларды жазалауға «жүйрік» екенін сынады.

Белсенді Дархан. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Белсенді Әлнұр Ильяшев әкімдік өкілдері мен барлаушыларға "алғысын" білдірді. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Түс әлетінен шаңқай түске дейін (14:00-15:30) өткен бейбіт жиынға «дәстүрлі» түрде «сырт көз бақылаушылар» тобы: қалалық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков пен қасына ерген өзге де «нөкер-шенеуніктерге»  қарата Әлнұр Ильяшев «алғысын білдірді». Ашық микрофон спикерлерінің соңын ала белсенді қарашаның тоғызы өткен митингте тоғыз қағидаға негізделген арнайы қарар (резолюция) қабылдады.

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков үнемі митингтерді "жағалап" жүреді. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков Қытай экспансиясына қарсы шеруге шыққан наразыларды ғимарат ішіне кіруге шақыруда. Алматы қаласы. 4 қыркүйек 2019 жыл. Фото: QT

Бүркенген «досье» жинаушылар

Жиынның бас-аяғын қалт жібермей бейнетаспаға тартып жүрген белгісіз адам. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

"Қара адамдар" құрамының алматылық нұсқасы. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

"Пайдалы бумеранг" операциясы аясында... 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Олар тіпті "көзілдіріксіз" де жүре алады. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Содан кейін жастар Абай ескерткішінің түбінен Достық даңғылын бойлай өрге қарай жылжып, Сәтпаев көшесінен оңға бұрылды. Жол бойында белсенділер: «Парламенттік республика үшін», «Саяси тұтқындарға бостандық», «Оян, Қазақстан» және «Бостандық» деп ұрандатты. Қалың наразылар көшін көрген жүргізушілер сигнал басып, «болысатын» емеуірінін танытты. Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне қарай марш жасап жеткен кезде наразылар мемлекеттік әнұранды шырқады.

Абай ескерткіші. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Oyan, Qazaqstan ұйымдастырңан митингі. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Белсенді. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Ұйым спикерлері сөз сөйлеуде. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Санкцияланбаған митингі. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Oyan, Qazaqstan ұйымдастырңан митингі маршқа ұласты. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Oyan, Qazaqstan ұйымдастырңан митингі маршқа ұласты. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Сәтпаев бойымен Тәуелсіздік монументіне беттеген белсенділер көші. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Oyan, Qazaqstan ұйымдастырңан митингі маршқа ұласты. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Oyan, Qazaqstan ұйымдастырңан митингі маршқа ұласты. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

"Көкжайлауды сақтау". 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Oyan, Qazaqstan ұйымдастырңан митингі маршқа ұласты. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Oyan, Qazaqstan ұйымдастырңан митингі маршқа ұласты. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

"Гүл өссе - жердің көркі, шал кетсе - елдің көркі" деген плакат ұстаған бозбала. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

"Бейжай қарайтындарға" ренішін білдіріп тұрған белсенді. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Наразылар Тәуелсіздік монументіне келгеннен кейін тарқасты. 9 қараша 2019 жыл. Алматы. Фото: QT

Осылайша бір жарым сағат көлемінде өткен митинг қатысушылары Тәуелсіздік монументіндегі басқосудан кейін тарқасты. Бұған дейін ұйым мүшесі Әсем Жапишева аталған шеруге Атазаң мен халықаралық құқықтық пактілер негізінде әкімдіктен ешқандай рұқсат сұрамайтынын, оянқазақстандықтарға полиция тарапынан қысым көрсетілгенін мәлімдеген болатын.

***

9 қараша өткен митинг бойынша Oyan, Qazaqstan резолюциясы

ҰҚСК аясындағы алдамшы реформалар еліміз шыға алмай жатқан тұрақты саяси дағдарысты күшейте түспек. Назарбаевтың мемлекетті бақылауында ұстайтын, авторитарлы саясаты – басқару жүйесі ретінде тиімсіз. Ол қоғамның саяси және экономикалық өміріне шектеу қояды. Бұл жаппай сыбайлас жемқорлық пен таптық теңсіздіктің күшеюіне әкеліп соқты.

Елге саяси реформалар қажет, ал олар бүгін орындалуы тиіс. Ол экономикалық өсудің кепілі болады. Саяси жүйе биліктің барлық тармақтарынан жоғары тұрған президентке емес, мықты парламентке негізделуі керек.

Әрбір азамат құрметке, әділ сайлау арқылы мемлекеттің басқару істеріне қатысуға құқылы. Ортақ үйімізде бәріміз теңбіз.

Егер парламенттік сайлауға дейін реформалар жүзеге асырылмаса, қоғам мен билік араздығы күшейіп, парламент қоғам үшін легитимді әрі саяси тірек бола алмайды.

Біз келесі қағидаларға негізделген реформаларды талап етеміз:

  1. Біз, барлық Қазақстандықтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді, сондай-ақ барлық саяси қуғын-сүргіндерді тоқтатуды талап етеміз. Әр адам сөз бостандығына және өзінің жеке көзқарасын білдіруге, кез - келген ақпаратқа қол жеткізуге және оны таратуға, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды өткізуге және бірлесу бостандығына құқылы. Бұл үшін ешбір азамат қудаланбауы, тұтқындалмауы немесе сотталмауы керек.
  2. Конституцияны қоса алғандағы азаматтардың құқығы мен бостандығын қазіргі таңда шектейтін барлық заңдар адам құқықтарының халықаралық стандарттарына, заң үстемдігі қағидасына сәйкестендірілуі тиіс.
  3. Биліктің бөлінуі қағидасын ұстана отырып парламенттік республикаға өту қажет. Бұл ашық және теңгерімге ие жүйе құрудың айырылмас бөлігі. Қуатты парламент бір мандатты округтер арқылы халық атынан өкілеттік етеді және атқарушы билікті құрайды. Осыған орай, кең өкілетті президент институты жойылуы тиіс. Шамадан тыс күштің бір қолда шоғырлануы зорлық - зомбылық пен авторитаризмге алып келетіні анық.
  4. Біз, жергілікті халықтың мүдделерін құрметтеуді қамтамасыз етуді талап етеміз. Бізге жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды жүйесі қажет. Мәслихаттар көпшілік жүйесі арқылы сайлануы тиіс және олардың өкілеттіктерін кеңейту керек. Барлық деңгейдегі әкімдер тікелей дауыс беру арқылы сайлануы тиіс.
  5. Біз, бүкіл сайлау жүйесін реформалауды талап етеміз. Бұл жүйенің шынайы және әділ сайлау өткізу жөніндегі халықаралық стандарттарға және демократиялық қоғамдағы міндеттемелерге сәйкес болуы керек.
  6. Біз, сот билігінің тәуелсіздігі мен заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін сот жүйесін түгелдей реформалауды және президенттің судьяларды тағайындаудан бас тартуын талап етеміз. Қазылар алқасының классикалық үлгісін енгізу керек және Конституциялық соттың қалпына келтірілуі тиіс.
  7. Полиция қоғам (бұқара) мен парламентке есеп беруі тиіс. Оның бар міндеті - заң мен тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес. Полиция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшін пайдаланылмауы керек.
  8. Біз, мемлекетіміздің барлық институттары үшін тиімді басқару принциптерін енгізуді талап етеміз. Барлық билік органдарының қызметі ашық және қоғамға есеп беруі керек. Бұл - жемқорлықты жеңудің жалғыз жолы.
  9. Саяси жүйені реформалау, биліктің барлық тармақтарына өкілеттіліктің теңдей бөлінуі және тәуелсіз бақылау жүйесін енгізу үшін мемлекеттің саяси құрылымының реформасы негізінде тәуелсіз комиссия құрылуы тиіс.

"The Qazaq Times"