Бүгін сағат түскі екіден бері Алматыдағы «Астана» алаңында өтіп жатқан санкцияланбаған митингке қатысты Әуезов ауданы полиция басқармасының өкілі Әлішер Тұрсынбеков мәлімдеме жасады.
Тұрсынбеков сөзінде: «Құрметті азаматтар! Бұл орында санкцияланбаған және заңсыз ұйым саналатын ҚДТ-ның ұйымдастыруымен қандай да бір митингтерді өткізуге рұқсат етілмейді. Сот шешіміне сәйкес аталған ұйымға Қазақстан аумағында тыйым салынған. Кеше Бас прокуратура азаматтардың рұқсат етілмеген митингке шықпауы, заңды сақтауы жөнінде ресми мәлімдеме жасаған болатын. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін, қоғамдық тәртіпсіздіктер орын алмауы үшін тағы да ескерту жасаймыз. Тәртіп бұзушыларға заң бойынша шаралар қолданылады. Тәртіпсіздік орнатқан азамат Алматыдағы полиция мекемесіне жеткізіледі», – деді.
Басқарма өкілі қазіргі уақытта қанша адамның ұсталғаны жөінінде мәлімет берген жоқ. Бірақ, алдын ала ақпараттарға сәйкес, он азамат ұсталған.
25 қазанда ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев Қазақстанда экстремистік деп танылған 20 жылға сырттай сотталған экс-банкир Мұхтар Әбілязовтың жетекшілігіндегі «Қазақстанның демократиялық таңдауы» бейресми қозғалысының халықты санкцияланбаған кезекті қарсылық акциясына қатысуға шақыруына орай үндеу жариялаған болатын. Онда экстремистік ұйым батамашылдық ететін рұқсат етілмеген шеру «ұйымдастырушылары мен қатысушыларына заңмен белгіленген тәртіпте қатаң шаралар қолданатыны» жайлы ескертілген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті