Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониядағы «Хагибис» тайфунына байланысты премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеделхатта: «Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін»,– делінген.
Жапонияда сенбіде басталған «Хагибис» тайфунынан опат болғандар саны 66-ға жетті. Осыған дейін 53 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. Табиғи апаттан 200-ден астам азамат түрлі жарақат алған. Тағы 13 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Ел бойынша 138 мыңдай үй сусыз қалған. Тағы 34 мың үйде жарық жоқ. Ал толассыз жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан тасып, бөгеттер бұзылған. Нәтижесінде тұрғын үй кешендері су астында қалған.
Жапония үкіметі елде 1958 жылдан бергі ең қатты «Тайфун» дауылы болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Ол уақытта «Каногава» бораны 1200 адамның жанын жалмаған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді