Қасым-Жомарт Тоқаев «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
2021 жылға арналған бюджет шығыстары 1,3 трлн теңгеге ұлғайтылып, 15,3 трлн теңге болған. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға – 844,4 млрд теңге, пандемиямен күреске арналған іс-шараларға – 265,3 млрд теңге, оның ішінде медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге – 69,5 млрд теңге, үкімет резервін ұлғайтуға – 100 млрд теңге, иммундық-биологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт құрылысын аяқтауға – 1,5 млрд теңге, Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы отандық кандидаттық вакцинаның суббірлікті және белсенділігі жойылған клиникалық зерттеулерінің I/II және III фазаларын жүргізуге – 1,4 млрд теңге қарастырылған.
Сондай-ақ, Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауларында берілген тапсырмаларын іске асыруға – 154,6 млрд теңге бөлінген.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Үкімет Қазақстан ЖІӨ-нің 3,1% деңгейінде, номиналды ЖІӨ-нің 77 869 млрд теңгеге өседі дейді. Бұл цифрлар мақұлданған болжамнан 1 207 млрд теңгеге жоғары, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ – 9 655 мың АҚШ доллары.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті