«Укринформ» ақпарат көзінің мәліметінше, Әділет министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Володимир Зеленскийдің сөйлесуінен ешқандай заң бұзушылық анықтамаған.
«Тексеру жұмыстарына сүйене отырып, Әділет министрлігінің құжаттарына сәйкес, телефон арқылы тілдесудің стенограммасынан ешқандай заң бұзушылық табылмады. Осыған байланысты қандай да бір қосымша тексерулер жүргізудің қажеті жоқ. Министрліктің тиісті бқлімдері аталмыш қорытындымен келісіп, іс жабылды» - деп мәлімдеді Әділет министрлігінің өкілі Керри Кьюпек.
Бұған дейін Трамп пен Зеленскийдің телефон арқылы сөйлесуі АҚШ саяси элитасы арасында үлкен дау туғызған. Айыптаушы тараптың сөзінше, әңгіме барысында АҚШ президенті Украина басшысына қысым көрсеткен. Кейіннен Трампқа импичмент жариялау бастамасы көтерілген.
Қыркүйек айының 25-і күні Ақ үй әкімшілігі Трамп пен Заланский тілдесуінің стенограммасын жариялаған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап