Мемлекеттік Ростех корпорациясы ғарышты зерттеуге бағытталған энергетикалық және лазерлі-оптикалық жобаның негізінде оттекті - иод лазерлерінің базасында лазерлік сәулелендірудегі күн энергиясын түрлендіруді қолға алды. Бұл құрылғыларды жасаумен - "Швабе" холдингінің мамандары айналысып жатыр деп хабарлайды РИА агенттігі.
"Швабе" холдингінің атқарушы директорының орынбасары Сергей Попов: "Қазіргі таңда біз ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтадық. біздің ғалымдар күн энергиясын сору арқылы оттекті-ионды лазерді шығаратын құрылғының тәжірибелік нұсқасы дайындалды. Ал құрылғының құрастырылу жұмыстарына байланысты техникалық жоспарлардың барлығы дерлік жүзеге асты деуге болады. Бұл лазерлік жүйелерді толықтай қызметке енгізудің соңғы сатысы 2020 жылға жоспарланып отыр" - деген болатын.
Оттекті - иод лазерлерінің базасында лазерлік сәулелендірудегі күн энергиясын түрлендіру жүзеге асатын болса, көмірсутек көздерін кең таралуы тенденциясын өзгертуге мүмкіндік туады.
"The Qazaq Times"


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
24 қазан – Кітапханашылар мерекесі құтты болсын!
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті