Ресейдің қару жарақ экспорты жыл сайын артып келеді. Бұндай мәліметті ресейлік қару-жарақ экспорттаушы ірі компаниясы «Ростех»-тің жетекшісі Сергей Чемезов мәлімдеді. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Сергей Чемезовтың айтуынша, 2017 жылы Ресейдің қару-жарақ экспорты 2016 жылдағыдан 2,3 пайыз артып, құны 13,7 млрд АҚШ долларына жеткен. Биыл да экспорттың арту құны жылдың алғашқы үш айында өткен жылмен ұқсас қарқынды көрсеткенін жеткізді. Ал Чемезов Сочиде Ресей Владимир Путинге берген мәліметінде, 2017 жылы «Ростех»-тің таза кірісі алдынғы жылдармен салыстырғанда 38 пайызға артып, құны 2 млрд АҚШ долларын құрағанын айтқан.
Ресей былтырғы есеп бойынша, әлемдік қару-жарақ экспортының 20 пайызын иелеп, АҚШ-тан кейін екінші орында болды. Бір ғана Ресей емес, әлемде қару-жарақ саудасы қыза түсіп, экспорты жыл сайын таңқаларлық көрсеткішпен артып келеді.
Алайда, Ресейдің эмбарголарға қарамастан қару-жарақ экспорты артты деп мәлімдегені, «Қырғиқабақ соғысы» кезіндегі Кеңес одағының бюджеттің басым бөлегін қару-жарақ жарысына аударып, соңында тұтас мемлекеттік банкрот болғанын еске түсіреді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі