Түркия АҚШ-тың Сүрияда қауіпсіз аймақ құру бойынша бірлескен операцияда немқұрайдылық танытты деп шағымданды. Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Reuters агенттігіне хабарлады.
Министрдің мәлімдеуінше, Уашингтон Анкарамен ортақ келісімдегі талаптарды орындамай, Сүрия мәселесінде салғырттық танытып отыр. Тараптар қауіпсіз аймақ құра алмаса, мигранттар ағыны Еуропаға өтіп кетуі мүмкін.
9 қыркүйекте АҚШ пен Түркия әскерлері Сүрияның Евфрат өзенінен шығыс аудандарында үш сағатқа жуық арнайы операция бастаған. Мәліметтерге сүйенсек, операцияға Акчалак аймағынан түріктің алты беренді техникасы қатысқан.
Таяуда түрік басшысы Режеп Тайып Ердоған аталған мәселені шешу мақсатында Еуропа елдерінен логистикалық көмек сұраған. Егер халықаралық ұйымдар Сүрияның солтүстігінде арнайы қауіпсіз орын дайындауға қолдау көрсетпесе, миллиондаған босқындар легі үшін Грекия арқылы Еуропа шекара ашылмақ. Қазіргі уақыттың өзінде Түркияда азаматтық соғыстан қашқан 3,6 миллионға жуық босқын бар.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр