Еурокомиссия Грекияға миграциялық дағдарыспен күресу үшін 700 миллион еуро бөлді. Бұл туралы ұйым басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.
Сонымен қатар, Еуропалық одақ Грекияға 7 кеме, 1 ұшақ және 2 тікұшақ беретінін жеткізді. Мақсат – Түркиядан Еуропаға ағылған мигранттар легін тоқтату.
Өткен аптада Сүрияның Идлиб провинциясындағы жағдай ушығып, Түркия сүриялық босқындардың Еуропаға өтуіне кедергі жасамайтынын мәлімдеді. Салдарынан соңғы бірнеше күнде Грекияның шекарасына мыңдаған босқын жиналып, Еуропаға қайта миграциялық дағдарыс қаупі төнді.
Грекияның үкіметі жасаған мәлімдемеде мигранттардың Грекияға үлкен басымдық алып келгенін, ал Анкараны соған жол беріп отыр деп айыптады. Бірақ, жексенбіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеме жасап, Түркия босқындардың жаңа ағымын тоқтата алмайтынын айтты.
Идлибтің өзінде Башар Асадқа қарсы күштердің бақылауында 3,5 млн шамасында босқын бар. Идлибтегі соғыс тереңдей түссе онда босқындардың жаңа толқыны пайда болып, бұл Түркияға ғана емес оған жақын Еуропа елдеріне де үлкен әлеуметтік дағдарыс ала келуі мүмкін. Идлиб соғысына көп елдің баса назар аударып отырғаны да сол.